Nikon Imaging Cloud қызметіне қатысты қате кодтары
Фотокамерада және олардың шешімдерінде көрсетілетін қателер төменде тізілген.
- [Network not found.] (Желі табылмады.)
Қате коды Шешім Err.11 Сіз қосылуға әрекеттеніп жатқан құрылғы қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Фотокамераның сымсыз желі профиліндегі желінің SSID нөмірін тексеріңіз. - [Wireless error.] (Сымсыз желінің қатесі)
Қате коды Шешім Err.12 Таңдалған SSID үшін дұрыс құпиясөзді пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз. Фотокамераның сымсыз желі профилінде дұрыс аутентификация және шифрлау әдісін пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз. Err.13 Сіз қосылуға әрекеттеніп жатқан құрылғы қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Фотокамераны өшіріп, қайтадан қосыңыз. Err.1F Фотокамераны өшіріп, қайтадан қосыңыз. - [TCP/IP error.] (TCP/IP қатесі.)
Қате коды Шешім Err.21 Фотокамераның сымсыз желі профилінде TCP/IP мекенжайы және ішкі желі маскасы дұрыс екенін тексеріңіз. Err.22 Қайталанатын IP мекенжайы. Фотокамераның сымсыз желі профилінде басқа мекенжайды таңдаңыз. - [Could not connect to Nikon Imaging Cloud.] (Nikon Imaging Cloud қызметіне қосылу мүмкін болмады.)
Қате коды Шешім Err.90 Камераны тіркеу қатесі.
- Фотокамераны қосыңыз және оны Nikon Imaging Cloud қызметінде қайтадан тіркеңіз.
- Фотокамераның күні мен уақыты дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. Фотокамераңыздағы күн мен уақытты тексеріңіз.
Err.91 Пайдалану шарттары жаңартылған болуы мүмкін. Мәліметтерді Nikon Imaging Cloud қызметінің бастапқы экранында көріңіз. Err.94 Токен қатесі. Фотокамераны өшіріп, қайтадан қосыңыз, содан кейін қайтадан қосылыңыз. Err.96 Nikon Imaging Cloud қызметін пайдалану мүмкін емес. Nikon Imaging Cloud веб-сайтын қараңыз. Err.A0 Nikon ID тіркелгіңізді табу мүмкін болмады. Сізде Nikon ID тіркелгісі болмаса, оны жасап, фотокамераны қайтадан қосыңыз. - [Nikon Imaging Cloud registration failed.] (Nikon Imaging Cloud қызметінде тіркелу сәтсіз аяқталды.)
Қате коды Шешім Err.92 Аутентификация қатесі. Келесі әдістердің бірін пайдаланып Nikon Imaging Cloud қызметіне қайтадан қосылыңыз.
- Компьютер: фотокамерада көрсетілген URL мекенжайын веб-шолғышта енгізіңіз.
- Смарт құрылғы: фотокамерада көрсетілген URL мекенжайын веб-шолғышта енгізіңіз немесе фотокамерада көрсетілген QR кодын сканерлеңіз.
Err.95 Фотокамераны анықтау қатесі. Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. - [The system is undergoing maintenance. Cannot connect.] (Жүйеге техникалық қызмет көрсетілуде. Қосылу мүмкін емес.)
Қате коды Шешім Err.93 Nikon Imaging Cloud қызметіне техникалық қызмет көрсетілуде. Кейінірек қайтадан қосылыңыз. - [Could not get version update information.] (Нұсқаны жаңарту туралы ақпаратты алу мүмкін болмады.)
Қате коды Шешім Err.97 Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы туралы хабарландыруларды алу сәтсіз аяқталды. Әрекетті кейінірек қайталаңыз. Бұл мәселе жиі орын алса, Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. - [Could not upload pictures to Nikon Imaging Cloud.] (Nikon Imaging Cloud қызметіне суреттерді жүктеп салу мүмкін болмады.)
Қате коды Шешім Err.98 Nikon Imaging Cloud қызметіне қатынас шектелген. Nikon Imaging Cloud веб-сайтын қараңыз. - [Could not log in to Nikon Imaging Cloud.] (Nikon Imaging Cloud қызметіне кіру мүмкін болмады.)
Қате коды Шешім Err.A1 Фотокамераға кіру параметрі өшірулі күйге орнатылған. Nikon Imaging Cloud бастапқы экранында фотокамераға кіру параметрін қосыңыз. - [An HTTPS error occurred.] (HTTPS қатесі орын алды.)
Қате коды Шешім Err.1400 Фотокамераны өшіріп, қайтадан қосыңыз. Err.1404 Фотокамераның сымсыз желі профиліндегі DNS нөмірін тексеріңіз. Err.1502 Әрекетті кейінірек қайталаңыз. Err.1503 Әрекетті кейінірек қайталаңыз. Err.1504 Әрекетті кейінірек қайталаңыз.