Іске қосылу шамы келесі жағдайларда қосылады немесе жыпылықтайды.
Күй
Мағынасы
Қосулы
Фотокамера қосылғаннан кейін бірден қосылады.
Фотокамера USB кабелімен компьютерге жалғанған.
[Network menu (Желі мәзірі)] [Bluetooth] [Send while off (Өшірулі болғанда жіберу)] фотокамера параметрлері мәзірі арқылы смарт құрылғымен байланысқан кезде фотокамера өшірулі болғанымен, іске қосылу шамы қосылады.
Жыпылықтау
Фотокамера күту режимінде, себебі ол шамамен үш минут пайдаланылмаған. Автоматты өшу функциясы
[Choose a style (Мәнерді таңдау)] ішіндегі [Underwater face framing (Су астында бетті жақтауға алу)] параметрін пайдаланған кезде фотокамера адам бетін анықтайды.
[Choose a style (Мәнерді таңдау)] параметрі [Shoot at intervals (Аралықтармен түсіру)] күйіне орнатылғанда фотокамера суретке түсіре бастайды.
Жылдам жыпылықтау
Экранда [Battery exhausted. (Батарея заряды бітті.)] көрсетіледі. Батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.
Фотокамера немесе батарея іші ысып кетті. Фотокамера автоматты түрде өшеді. Пайдалануды жалғастырмас бұрын фотокамера не батарея суығанша күтіңіз.