Фотокамера жымиған бетті анықтағанда кескінді ысырманы босату түймешігін баспастан түсіруге болады. Теріні жұмсарту функциясы адам беттерінің тері реңктерін жұмсартады.
[Smile timer (Күлкіні түсіру таймері)] пайдаланғанда фотокамера адам бетін анықтаса, өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтайды, ал ысырма босатылғаннан кейін жылдам жыпылықтайды.
Адам беті көрінсе, кескінді сақтаудан бұрын фотокамера бет терісінің реңкін жұмсарту (үш бетке дейін) үшін кескінді өңдейді.
[Make skin prettier (Теріні әдемірек ету)] функциясы ойнату режимінде [Add makeup (Макияж қосу)] пайдалану арқылы сақталған кескіндерге де қолданылуы мүмкін.
Add makeup (Макияж қосу)