Add light trails (Жарық іздерін қосу)

Көлік шамының сәулесі немесе жұлдыздардың қозғалысы сияқты жарық іздері суретке түсіріледі.
Фотокамера жылжымалы нысандарды белгілі бір аралықтарда автоматты түрде суретке түсіріп, әрбір кескінді салыстырады және тек жарқын аймақтарын біріктіреді және содан кейін оларды бір кескінге сақтайды.

  1. Түсіру режимі
  2. 3-бейімделгіш түймешік ()
  3. Choose a style (Мәнерді таңдау)
  4. параметрін таңдау үшін параметрін пайдалану
  5. 4-бейімделгіш түймешік ()
Бейімделгіш түймешікСипаттама
Night scenes (Түнгі көріністер)Түнгі ландшафт фонында көлік шамының сәулесін суретке түсіру үшін пайдаланыңыз.
  • Фотокамера кадр ортасындағы аумаққа фокусталады.
  • Суреттер 4 секундтық ысырма жылдамдығында түсіріледі. 50 сурет түсірілгенде фотокамера суретке түсіруді автоматты түрде тоқтатады.
  • Әрбір 10 сурет үшін суретке түсіре бастағаннан бастап іздері қабаттастырылған бір құрамдас сурет автоматты түрде сақталады.
  • Фотосуреттердің өлшемі 1280 × 960 пиксельге бекітілген.
Night sky (Түнгі аспан)Жұлдыздардың қозғалысын суретке түсіру үшін пайдаланыңыз.
  • Фотокамера шексіздікке фокусталады.
  • Суреттер 25 секундтық ысырма жылдамдығында түсіріледі. 300 сурет түсірілгенде фотокамера суретке түсіруді автоматты түрде тоқтатады.
  • Әрбір 30 сурет үшін суретке түсіре бастағаннан бастап іздері қабаттастырылған бір құрамдас сурет автоматты түрде сақталады.
  • Фотосуреттердің өлшемі 2048 × 1536 пиксельге бекітілген.
  1. Параметрді таңдау үшін 2 немесе 3-бейімделгіш түймешікті басыңыз.
  2. Түсіруді бастаңыз.
    • Суретке түсіру аралығында экран өшірілуі мүмкін.
  3. Автоматты түрде тоқтаудан бұрын суретке түсіруді аяқтау үшін 1-бейімделгіш түймешікті () басыңыз.
    • Қажетті жолдарды алған кезде суретке түсіруді аяқтаңыз. Егер суретке түсіруді жалғастырсаңыз, кадр жиектемесі аймақтарындағы мәліметтер жоғалуы мүмкін.

[Add light trails (Жарық іздерін қосу)] туралы ескертпелер

  • Түсіру барысында фотокамераның сөніп қалуының алдын алу үшін жеткілікті деңгейде зарядталған батареяны пайдаланыңыз.
  • Жад картасы салынбаған кезде түсіру мүмкін емес.
  • Жад картасын түсіру аяқталғанша алмаңыз.
  • Осы функция басқа функциялармен бірге пайдалану үшін қолжетімсіз болуы мүмкін.
    Түсіру кезінде бір уақытта пайдаланылмайтын функциялар

Қалған уақыт

Суретке түсіру автоматты түрде тоқтауына дейінгі уақытты экраннан көруіңізге болады.