Бейнефильмдерді жазу және қарау

  1. Түсіру экранын шығарыңыз.
    • Экрандағы бейнефильмді жазу үшін қалған уақытты тексеріңіз.
  2. ( бейнефильмді жазу) түймешігін басыңыз.
    • Фотокамера бейнефильмді жаза бастайды. Фотокамера жақтаудың ортасын фокусқа алады.
  3. Жазуды аяқтау үшін  () түймешігін басыңыз.
  4. Бейнефильмді толық өлшемде қарау режимін таңдап, мульти селекторын басыңыз.
    • Бейнефильмді қарау нұсқаулығы (1) көрсетілген кескін – бейнефильм.

Бейнефильмдерде суретке түсірілетін аймақ

Максималды бейнефильм жазу уақыты

Жеке бейнефильм файлдары ұзақ жазу үшін жад картасында бос орын жеткілікті болса да, ұзақтығы жағынан 29 минуттан аспайды. Бір бейнефильмнің максималды өлшемі: 4 ГБ.
29 минуттан аз жазған күнде де файл өлшемі 4 ГБ асып кетсе, жазу аяқталады.

Фотокамера температурасы туралы ескертпелер

  • Ұзақ уақыт бойы бейнефильмдерді жазған кезде немесе фотокамера ыстық аумақта қолданылған кезде фотокамера қызып кетуі мүмкін.
  • Бейнефильмдерді жазу кезінде фотокамера қызып кетсе, ол жазуды автоматты түрде тоқтатады. Фотокамера жазуды тоқтатқанға дейін қалатын (10s) уақыт мөлшері көрсетіледі және кері санақ басталады.
    Фотокамера жазуды аяқтағаннан кейін ол өзі өшеді.
    Фотокамераның іші салқындағанша фотокамераны өшірулі күйде қалдырыңыз.

Бейнефильмді жазуға қатысты ескертпелер

Кескіндерді немесе бейнефильмдерді сақтау бойынша ескертпелер

Қалған кадрлар санын немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор жыпылықтайды не кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқанда [Please wait for the camera to finish recording. (Фотокамераның түсіруді аяқтауын күтіңіз.)] көрсетіледі. Индикатор жыпылықтағанда батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад картасын шығармаңыз. Олай жасау деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Жазылған бейнефильмдер туралы ескертпелер

  • Жазу басталғаннан кейін оптикалық масштабтау коэффициентін өзгерту мүмкін емес.
  • Сандық масштабтауды пайдаланғанда кескін сапасы нашарлауы мүмкін.
  • Жарықтық өзгергенде мульти селектор әрекетінің, автофокус объективінің жетек қозғалысының және апертура әрекетінің дыбыстарын жазып алуға болады.
  • Бейнефильмдерді түсірген кезде экранда келесі құбылыстар көрінуі мүмкін. Бұл құбылыстар түсірілген бейнефильмдерде сақталады.
    • Флюоресцент, сынап буы немесе натрий буының жарығы әсерінен кескіндерде жолақтар байқалуы мүмкін.
    • Жүріп бара жатқан поезд немесе автокөлік сияқты кадрдың бір жағынан екінші жағына жылдам қозғалатын нысандар қисық болып көрінуі мүмкін.
    • Фотокамера панорамаланған кезде бүкіл бейнефильмдер қисық болып көрінуі мүмкін.
    • Фотокамера қозғалған кезде жарық немесе басқа ашық аумақтар қалдық кескіндерде қалып қоюы мүмкін.
  • Нысанға дейінгі қашықтыққа немесе қолданылатын масштабтау мөлшеріне байланысты, бейнефильмдерді жазу және қарау барысында үлгілері қайталанатын нысандарда (маталар, жалюзилер) түрлі-түсті жолақтар пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдай нысандағы үлгі мен сурет сенсорының құрылымы бір-бірімен әсер еткен кезде пайда болады, ол - ақаулық емес.

Бейнефильмді жазуға арналған автофокус бойынша ескертпелер

«Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар» үшін автофокус күткендегідей орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, төмендегілердің біреуін орындап көріңіз:
Басқа нысанды (фотокамерадан керекті нысан орналасқан қашықтықта тұрған) жақтаудың ортасына алыңыз, ( бейнефильмді жазу) түймешігін басып түсіруді бастаңыз да, кадр жиектемесін өзгертіңіз.