Charge by computer (Компьютер арқылы зарядтау)

Фотокамера компьютерге жалғанған кезде фотокамерадағы батареяны зарядтау мүмкіндігін орнатуға немесе ажыратуға мүмкіндік береді.

  1. Түсіру режимі және қарау режимі
  2. 4-бейімделгіш түймешік ()
  3. Camera settings (Фотокамера параметрлері)
  4. Charge by computer (Компьютер арқылы зарядтау)
Бейімделгіш түймешікСипаттама
Auto (Автоматты)
(әдепкі параметр)
Фотокамера іске қосулы компьютерге жалғанған кезде (Кескіндерді ViewNX-i көмегімен компьютерге көшіру), фотокамераға енгізілген батарея компьютер арқылы берілетін қуатпен автоматты түрде зарядталады.
Off (Өшірулі)Фотокамера компьютерге жалғанған кезде фотокамераға салынған батарея зарядталмайды.

Компьютермен зарядтау туралы ескертпелер

  • Компьютерге қосылған кезде фотокамера іске қосылып, зарядтала бастайды. Егер фотокамера ажыратылса, зарядтау тоқтатылады.
  • Толық отырған батареяны зарядтауға шамамен 2 сағат 30 минут кетеді. Батарея зарядталып жатқан кезде кескіндер тасымалданса, зарядтау уақыты көбейеді.
  • Егер батарея зарядталуы аяқталғаннан кейін 30 минут бойы компьютермен байланыс болмаса, фотокамера автоматты түрде өшіріледі.

Зарядтау шамы тез жыпылықтаған кезде

Төменде сипатталған себептердің біреуіне байланысты зарядтау мүмкін емес.

  • Қоршаған орта температурасы зарядтау үшін қолайлы емес. Батареяны қоршаған орта температурасы 5–35°C аралығындағы ғимарат ішінде зарядтаңыз.
  • USB кабелі дұрыс жалғанбаған немесе батареяның ақаулығы бар. USB кабелінің дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз немесе батареяны қажетінше ауыстырыңыз.
  • Компьютер күту режимінде және қуат жеткізілмейді. Компьютерді белсендіріңіз.
  • Компьютердің параметрлеріне немесе сипаттамаларына байланысты фотокамераға қуатты жібере алмайтындықтан, батареяны зарядтау мүмкін емес.