Кескіндерді теледидарда қарау

Фотокамерамен түсірілген кескіндер мен бейнефильмдерді ТД-да көру үшін, сатып алуға болатын HDMI кабелімен фотокамераны теледидарға жалғай аласыз.

Теледидарға жалғау туралы ескертпелер

  • Қақпағын ашпас бұрын фотокамераны өшіріңіз. Су тамшыларының жоқтығын тексеріңіз. Егер су тамшылары болса, фотокамераны жұмсақ және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
  • Фотокамераның батареясында заряды жеткілікті екендігін тексеріңіз. EH-62G айнымалы ток адаптері (бөлек сатылады) пайдаланылса, бұл фотокамераны электр розеткасы арқылы қосуға болады. Ешбір жағдайда EH-62G үлгісінен басқа айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
  • Байланыс орнату әдістері мен одан кейінгі жұмыстар туралы ақпаратты осы құжатпен бірге теледидармен берілген құжаттамалардан қараңыз.
  1. Фотокамераны өшіріңіз.
  2. Фотокамераның HDMI шағын жалғағышы (D түрі) мен теледидардың HDMI кіріс портын жалғау үшін, сатып алуға болатын HDMI кабелін пайдаланыңыз.
    • Тығынның пішімі мен бағытын тексеріңіз және тығынды қырымен салмаңыз не суырмаңыз.
  3. Теледидардың ішкі кірісін сыртқы кіріске орнатыңыз.
    • Мәліметтерді алу үшін теледидармен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
  4. Фотокамераны қосу үшін (суретке түсіру/қарау режимі) түймешігін басып тұрыңыз.
    • Кескіндер теледидарда көрсетіледі.
    • Фотокамера экраны қосылмайды.