САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА

Z 7_Z 6

Онлайн нұсқаулық

Нұсқаулықтарды іздеу

Бұл фотокамерада қосымша функциялары бар жаңартылған бағдарлама жасақтамасы бар. «Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары арқылы енгізілетін өзгерістер».

3 түрлі нұсқаулықтан таңдаңыз.

  • Негізгі суретке түсіру және ойнату туралы нұсқаулық керек болса,

    Қолданушы нұсқаулығын (фотокамерамен бірге қамтамасыз етіледі) оқыңыз

    Фотокамераның негізгі әрекеттерін, сонымен бірге осы фотокамераға қатысты мүмкіндіктерді меңгеріңіз.

  • Фотокамераны пайдаланудың барлық аспектілерінің нұсқаулығы керек болса,

    Анықтамалық нұсқаулықы (pdf) оқыңыз

    Онлайн нұсқаулықттың pdf нұсқасы (онлайн және анықтамалық нұсқаулықтардың мазмұны бірдей).

    Z 7: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/492/Z_7.html

    Z 6: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/493/Z_6.html

  • Сымсыз байланыстар туралы ақпаратты

    Желі нұсқаулығында (pdf) оқыңыз

    Желі нұсқаулығы фотокамераны Wi-Fi немесе Bluetooth арқылы компьютерге, я болмаса смартфон немесе планшет сияқты смарт құрылғыға қосу және WT-7 сымсыз таратқышы арқылы орындалатын тапсырмалар сияқты тақырыптарды қамтиды.

    Z 7: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/492/Z_7.html

    Z 6: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/493/Z_6.html

Осы нұсқаулық туралы

Бұл нұсқаулық фотокамераның бағдарлама жасақтамасының 3.00 және одан кейінгі нұсқаларына арналған.

Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының соңғы нұсқасы Nikon жүктеп алулар орталығында жүктеп алуға қолжетімді.

Бұл нұсқаулық Z 7 және Z 6 екеуімен де бірге пайдалануға арналған. Иллюстрацияларда Z 7 көрсетілген.

Таңбалар және шартты белгілер

Қажет ақпаратты оңайырақ табу үшін келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылады:

D Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0 Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді.

Фотокамера дисплейлерінде көрсетілетін мәзір элементтері, параметрлер және хабарлар қалың қаріппен көрсетілген. Бұл нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі» деп аталады; жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.

Бұл фотокамераны XQD және CFexpress Type B жад карталарымен бірге пайдалануға болады. Бұл екеуін ажырату керек емес мәтінмәндерде, бұл нұсқаулықта түрлердің екеуі де «жад карталары» деп аталады.

Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар» деп аталады.

Фотокамера параметрлері

Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер пайдаланылады деп саналады.

A Қауіпсіздік шаралары

Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) бөліміндегі қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқыңыз.

Мазмұны

Фотокамерамен танысу

Алғашқы қадамдар

Негізгі фотосурет түсіру және ойнату

Негізгі параметрлер

Суретке түсіру басқару элементтері

i мәзірі

Қарау туралы қосымша ақпарат

Мәзір нұсқаулығы

Қосылымдар

Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру

Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру

Ақауларды жою

Техникалық ескертпелер

Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары арқылы енгізілетін өзгерістер