Ағымдағы ойнату қалтасындағы суреттердің слайд көрсетілімін көру (0 Playback Folder (Ойнату қалтасы)).

Параметр Сипаттама
Start (Бастау) Слайд көрсетілімін бастау.
Image type (Кескін түрі) Still images and movies (Фотосуреттер және бейнефильмдер), Still images only (Тек фотосуреттер) және Movies only (Тек бейнефильмдер) арасынан кескін түрін таңдаңыз немесе таңдалған бағасы бар суреттерді ғана көру үшін By rating (Бағасы бойынша) параметрін таңдаңыз (бағаларды белгілеп, таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз).
Frame interval (Кадр аралығы) Әрбір суретті көрсету ұзақтығын таңдаңыз.

Слайд көрсетілімін бастау үшін Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Слайд көрсетілімі көрсетіліп тұрғанда келесі әрекеттерді орындауға болады:

  • Артқа өту/алға өту: алдыңғы кадрға оралу үшін 4 түймешігін, келесі кадрға өту үшін 2 түймешігін басыңыз.
  • Фотосурет туралы қосымша мәліметті көру: көрсетілетін фотосурет туралы мәліметті өзгерту немесе жасыру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (тек фотосуреттер).
  • Кідірту: слайд көрсетілімін кідірту үшін J түймешігін басыңыз. Қайта бастау үшін Restart (Қайта бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
  • Дыбыс деңгейін реттеу: бейнефильм ойнату кезінде дыбыс деңгейін арттыру үшін X түймешігін, азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз.
  • Ойнату мәзіріне шығу: слайд көрсетілімін аяқтау және ойнату мәзіріне оралу үшін G түймешігін басыңыз.
  • Ойнату режиміне шығу: слайд көрсетілімін аяқтау және ойнату режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз.
  • Суретке түсіру режиміне шығу: суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

Слайд көрсетілімі аяқталғанда тілқатысу терезесі көрсетіледі. Қайта бастау үшін Restart (Қайта бастау) пәрменін немесе ойнату мәзіріне оралу үшін Exit (Шығу) пәрменін таңдаңыз.