Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
AҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. AЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. AСАҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау жарақатқа немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін. |
A ЕСКЕРТУ
Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін. |
Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сәтсіз жағдай нәтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз. Бұл сақтық шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін. |
Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз, батареяны немесе қуат көзін дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін. |
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. |
Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін. |
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін. |
Объектив немесе фотокамера арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік қарамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. |
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. |
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. |
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. |
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. |
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін. |
Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін орындарда ашық қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге әкелуі мүмкін. |
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған күн жарығы өрт тудыруы мүмкін. |
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін. |
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. |
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. |
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. |
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері әсер етуі мүмкін. |
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. |
A ҚАУІП (Батареялар)
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
|
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін. |
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз жарақаттарына әкелуі мүмкін. |
Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз. Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. |
A ЕСКЕРТУ (Батареялар)
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. |
Батареяларды үй жануарларынан және басқа жануарлардан аулақ ұстаңыз. Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. |
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр әсерін тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз. |
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN‑EL15b қайта зарядталмалы батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін. |
Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туындауы мүмкін. |
Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, әсер етілген аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін. |
Ескертпелер
-
Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
-
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
-
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір зақымға жауап бермейді.
-
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуыңызды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
-
Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды немесе құнды қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын немесе ашық хаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Үкімет шығарған маркаларды және заңда қарастырылған куәландырылған құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
-
Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың (акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар және т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса, үкімет тарапынан шығарылған паспорттардың, мемлекеттік органдар және жеке топтар шығарған лицензиялардың, жеке бас куәліктерінің және рұқсатнамалар және тамақ купондары сияқты билеттердің көшірмелерін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
-
Авторлық құқыққа қатысты ескертулерді ескеріңіз
Авторлық құқықтар туралы заң бойынша фотокамерамен жасалған авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Ерекшеліктер жеке пайдалануға қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Nikon фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жобаланған және күрделі электрондық тізбекті қамтиды. Nikon компаниясы арнайы осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге пайдалануға сертификаттаған Nikon брендті электрондық керек-жарақтар (соның ішінде зарядтау құрылғылары, батареялар, айнымалы ток адаптерлері және жарқыл керек-жарақтары) ғана осы электрондық тізбектің жұмыс және қауіпсіздік талаптарының шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған және сондай екендігі дәлелденген.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы және Nikon кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталмалы литий-ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына, жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына әкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мәлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі сайттардан алуға болады:
-
АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
-
Еуропадағы пайдаланушылар үшін:
https://www.europe-nikon.com/support/ -
Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылары үшін: https://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды және сандық кескіндерге және фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін мына сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін келесі URL мекенжайын қараңыз: https://imaging.nikon.com/