Ойнату үшін қалтаны таңдаңыз.
| Опция | Сипаттама |
|---|---|
| (қалта атауы) | Таңдалған аты бар барлық қалталардағы суреттер ойнату кезінде көрінеді. Қалталардың атын фотосурет түсіру мәзіріндегі [ Сақтау қалтасы ] > [ Атын өзгерту ] опциясы арқылы өзгертуге болады. |
| [ Барлығы ] | Барлық қалталардағы суреттер ойнату кезінде көрінеді. |
| [ Ағымдағы ] | Ойнату кезінде тек ағымдағы қалтадағы суреттер ғана көрінеді. |
