Сақтау қалтасы

  1. G түймесі
  2. C фотосурет түсіру мәзірі

Келесі суреттер сақталатын қалтаны таңдаңыз.

1Қалта
2Қалта нөмірі
3Қалта атауы

Қалталардың атын өзгерту

Қалта нөмірінен кейін пайда болатын әдепкі қалта атауы – “NZ_FC”. Жаңа қалталарға тағайындалған атауды өзгерту үшін [ Атын өзгерту ] опциясын таңдаңыз.

  • Бар қалталардың атын өзгерту мүмкін емес.
  • Қажет болса, пернетақта көрсетілген кезде O түймесін басып тұру арқылы келесі қалталар үшін әдепкі атауды қалпына келтіруге болады.

Қалтаны нөмір бойынша таңдаңыз

Келесі суреттер сақталатын қалтаны нөмір бойынша таңдауға болады. Көрсетілген нөмірі бар қалта бұрыннан жоқ болса, жаңа қалта жасалады.

  1. [Қалтаны нөмір бойынша таңдау ] опциясын таңдаңыз.
    • [ Қалтаны нөмір бойынша таңдау ] опциясын бөлектеп, [ Қалтаны нөмір бойынша таңдау ] тілқатысу терезесін көрсету үшін 2 түймесін басыңыз.
  2. Қалта нөмірін таңдаңыз.
    • Сандарды бөлектеу үшін 4 немесе 2 түймесін басыңыз.
    • Бөлектелген санды өзгерту үшін 1 немесе 3 түймесін басыңыз.
  3. Өзгерістерді сақтап, шығыңыз.
    • Таңдалған нөмірі бар қалта бұрыннан бар болса, қалта нөмірінің сол жағында W , X немесе Y белгішесі көрсетіледі. Операцияны аяқтау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймесін басыңыз; W немесе X деп белгіленген қалтаны таңдасаңыз, ол жаңа суреттерге арналған қалта ретінде таңдалады.
    • Егер бұрын жоқ қалта нөмірін таңдасаңыз, J түймесін басқанда сол нөмірмен жаңа қалта жасалады.
    • Кез келген жағдайда, кейінгі суреттер таңдалған қалтада сақталады.
    • Сақтау қалтасын өзгертпей шығу үшін G түймесін басыңыз.

Тізімнен қалтаны таңдаңыз

Бар қалталар тізімінен таңдау үшін:

  1. [Тізімнен қалтаны таңдау] опциясын таңдаңыз.

    [ Тізімнен қалтаны таңдау ] опциясын бөлектеп, [ Тізімнен қалтаны таңдау ] тілқатысу терезесін көрсету үшін 2 түймесін басыңыз.
  2. Қалтаны бөлектеңіз.
    Қалтаны бөлектеу үшін 1 немесе 3 түймесін басыңыз.
  3. Бөлектелген қалтаны таңдаңыз.
    • Бөлектелген қалтаны таңдау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймесін басыңыз.
    • Келесі фотосуреттер таңдалған қалтада сақталады.