Баяу ысырма жылдамдығымен түсірілген фотосуреттердегі «шуды» (жарық нүктелер немесе тұман) азайтыңыз.
Опция | Сипаттама |
---|---|
[ Қосулы ] | 1 секундтан баяу ысырма жылдамдығымен түсірілген фотосуреттердегі шуды азайтыңыз. |
[ Өшірулі ] | Ұзақ экспозициядағы шуды азайту өшірілген. |
Ұзақ экспозициядағы шуды азайту фотосурет түсірілгеннен кейін орындалады. Өңдеу кезінде суретке түсіру дисплейінде [ Шуды азайтуды орындау ] пайда болады. Хабар дисплейден жойылмайынша, суреттерді түсіру мүмкін емес. Түсіруден кейін фотосуреттерді өңдеуге қажетті уақыт шамамен екі есе артады.