Индикаторлар және қате туралы хабарлар
Бұл бөлімде басқару панелінде және фотокамера дисплейінде көрінетін индикаторлар және қате туралы хабарлар тізімі берілген.
Индикаторлар
Басқару панелінде және/немесе фотокамера дисплейінде келесі индикаторлар көрінеді:
Индикатор | Мәселе | Шешімі | |
---|---|---|---|
Фотокамера дисплейі | Басқару панелі | ||
H | Батарея заряды төмен. | Толығымен зарядталған қосалқы батареяны дайындаңыз. | |
F–– | Объектив дұрыс жалғанбаған. | Объектив дұрыс жалғанғанына және ішке қарай жиналатын объективтер ұзартылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ бұл индикатор орнату адаптері арқылы микропроцессормен жабдықталмаған объектив жалғанған кезде көрсетіледі, бірақ бұл жағдайда ешбір әрекетті орындау керек емес. | |
Bulb (Қолмен басылу режимі) (жыпылықтайды) |
S режимінде Bulb (Қолмен басылу режимі) таңдалған. | Ысырма жылдамдығын өзгертіңіз немесе M режимін таңдаңыз. | |
Time (Уақыт) (жыпылықтайды) |
S режимінде Time (Уақыт) режимі таңдалған. | ||
Busy (жыпылықтайды) |
Өңдеу орындалуда. | Өңдеу аяқталғанша күтіңіз. | |
c (жыпылықтайды) |
— | Жарқыл толық қуатпен жанды; фотосурет жарық көзінде кем ұсталған болуы мүмкін. | Фотосуретті дисплейде тексеріңіз; егер жарық көзінде кем ұсталса, параметрлерді реттеп, әрекетті қайталаңыз. |
(Экспозиция индикаторлары және ысырма жылдамдығы немесе апертура дисплейі жыпылықтайды) | Нысан тым жарық; фотосурет жарық көзінде артық ұсталады. |
|
|
Нысан тым күңгірт; фотосурет жарық көзінде кем ұсталады. |
|
||
Full (жыпылықтайды) |
Ағымдағы параметрлерде қосымша суреттер жазу үшін жад жеткіліксіз немесе фотокамерада файл немесе қалта нөмірлері таусылған. |
|
|
Err (жыпылықтайды) |
Фотокамера дұрыс емес жұмыс істейді. | Ысырманы босатыңыз. Егер қате кетпесе немесе жиі көрінсе, Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. |
Қате туралы хабарлар
Фотокамера дисплейіндегі қате туралы хабарлармен бірге кейде басқару панелінде индикаторлар көрсетіледі.
Хабар | Басқару панелі | Мәселе | Шешімі |
---|---|---|---|
Shutter release disabled. Recharge battery. (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.) | — | Батарея таусылған. |
|
This battery cannot be used. It does not communicate properly with this camera. To use the camera safely, choose a battery designated for use in this camera. (Бұл батареяны пайдалану мүмкін емес. Ол бұл фотокамерамен тиісті түрде байланыспайды. Фотокамераны қауіпсіз пайдалнау үшін осы фотокамерада пайдалануға арналған батареяны таңдаңыз.) |
— | Батарея туралы мәлімет қолжетімсіз. |
|
Батарея фотокамераға деректерді бере алмайды. | Үшінші тарап батареяларын түпнұсқалық Nikon батареяларымен ауыстырыңыз. | ||
No memory card. (Жад картасы жоқ.) | [–E–] | Фотокамера жад картасын анықтай алмайды. | Фотокамераны өшіріп, жад картасының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз. |
Cannot access this memory card. Insert another card. (Бұл жад картасына қатынасу мүмкін емес. Басқа картаны салыңыз.) |
Card, Err (жыпылықтайды) |
Жад картасына қатынасу кезіндегі қате. |
|
Жаңа қалтаны жасау мүмкін емес. | Маңызды суреттерді компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіргеннен кейін файлдарды өшіріңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз. | ||
This card is not formatted. Format the card. (Бұл карта пішімделмеген. Картаны пішімдеңіз.) |
For (жыпылықтайды) |
Жад картасы фотокамерада пайдалану үшін пішімделмеген. | Жад картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз. |
The camera is too hot. It cannot be used until it cools. Please wait. Camera will turn itself off. (Фотокамера тым ыстық. Оны суығанша пайдалану мүмкін емес. Күтіңіз. Фотокамера өзін өшіреді.) |
— | Фотокамераның ішкі температурасы жоғары. | Суретке түсіруді жалғастыру алдында ішкі тізбектердің салқындауын күтіңіз. |
Батарея температурасы жоғары. | Батареяны алып, салқындауын күтіңіз. | ||
Folder contains no images. (Қалтада кескіндер жоқ.) | — | Жад картасында көруге болатын суреттер жоқ. | Көруге болатын суреттер бар жад картасын салыңыз. |
Қарау үшін таңдалған қалта(лар)да көруге болатын суреттер жоқ. | Көруге болатын суреттерді қамтитын қалтаны таңдау үшін қарау мәзірінде Playback folder (Ойнату қалтасы) элементін пайдаланыңыз. | ||
Cannot display this file. (Бұл файлды көрсету мүмкін емес.) | — | Файл компьютерде өңделген, DCF стандарттарына сай емес немесе файл бүлінген. | Файлды фотокамерада көру мүмкін емес. |
Cannot select this file. (Бұл файлды таңдау мүмкін емес.) | — | Таңдалған суретті өңдеу мүмкін емес. | Басқа құрылғылармен жасалған суреттерді өңдеу мүмкін емес. |
This movie cannot be edited. (Бұл бейнефильмді өңдеу мүмкін емес.) | — | Таңдалған бейнефильмді өңдеу мүмкін емес. |
|
Check printer. (Принтерді тексеріңіз.) | — | Принтер қатесі. | Check printer. (Принтерді тексеріңіз.) Жалғастыру үшін Continue (Жалғастыру) (қолжетімді болса) * пәрменін таңдаңыз. |
Check paper. (Қағазды тексеріңіз.) | — | Принтердегі қағаз таңдалған өлшемде емес. | Дұрыс өлшемдегі қағазды салып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Paper jam. (Қағаз кептелісі.) | — | Принтерде қағаз кептелген. | Кептелісті тазалап, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Out of paper. (Қағаз бітті.) | — | Принтерде қағаз таусылған. | Таңдалған өлшемдегі қағазды салып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Check ink supply. (Сия деңгейін тексеріңіз.) | — | Сия қатесі. | Сияны тексеріңіз. Жалғастыру үшін Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Out of ink. (Сия таусылған.) | — | Принтерде сия таусылған. | Сияны ауыстырып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.