«C» бағдарлама жасақтамасының 3.30 нұсқасында қолжетімді мүмкіндіктер
Фотокамераның «С» бағдарлама жасақтамасының 3.30 нұсқасында қолжетімді жаңа мүмкіндіктер төменде сипатталған.
Фокус орнын сақтау
Баптау мәзіріне Save focus position (Фокус орнын сақтау) параметрі қосылды. Егер On (Қосулы) күйі таңдалса, фотокамера өшірілген кезде қолданылып тұрған фокус орны фотокамераны келесі рет қосқанда қалпына келтіріледі.
- Фокус орны масштабты реттегенде немесе қоршаған орта температурасының ауытқуларына байланысты өзгеруі мүмкін.
- Бұл параметр фотокамера Z бекіткішті автофокустық объективтермен бірге пайдаланылған кезде ғана қолданылады.
- On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераның іске қосылу уақыттарын арттыруы мүмкін.
Дауыстық ескертпелер (тек Z 6)
f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрі арқылы Movie record button (Бейнефильм жазу түймешігі) түймешігіне тағайындауға болатын рөлдерге Voice memo (Дауыстық ескертпе) параметрі қосылды. Voice memo (Дауыстық ескертпе) рөлінде, бейнефильм жазу түймешігін сурет көрсетіліп тұрғанда ұзақтығы 60 секундқа дейінгі дауыстық ескертпелерді жазу және ойнату үшін пайдалануға болады.
Дауыстық ескертпелерді жазу
-
f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > Movie record button (Бейнефильм жазу түймешігі) қолданушы параметрі үшін Voice memo (Дауыстық ескертпе) мәнін таңдаңыз.
-
Ойнату режимін таңдап, дауыстық ескертпе қосқыңыз келетін суретті көрсетіңіз.
-
Бейнефильм жазу түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
- Жазу түймешікті басқанда жалғасады.
- Жазу кезінде b белгішесі көрсетіледі.
-
Жазуды аяқтау үшін бейнефильм жазу түймешігін жіберіңіз.
- Дауыстық ескертпелері бар суреттер h белгішелерімен көрсетіледі.
- Жазу 60 секундтан кейін автоматты түрде аяқталады.
Сақтық ескертулер: дауыстық ескертпе жазу
- Ескертпелері (h белгішелері арқылы көрсетіледі) бар суреттерге дауыстық ескертпелер қосу мүмкін емес. Жаңа ескертпені жазуға әрекеттену алдында бар ескертпені жойыңыз.
- Жазу орындалып жатқанда басқа суреттерді көре немесе сенсорлық басқару элементтерін пайдалана алмайсыз.
-
Мына жағдайларда жазу аяқталады:
- O түймешігін бассаңыз,
- ойнату режимінен шықсаңыз немесе
- фотокамераны өшірсеңіз.
- Ысырманы босату түймешігін бассаңыз немесе фотокамераның басқа басқару элементтерін пайдалансаңыз, жазу аяқталуы мүмкін.
Дауыстық ескертпелердің файл атаулары
Дауыстық ескертпелердің «DSC_nnnn.WAV» түріндегі файл атаулары болады, мұндағы nnnn — дауыстық ескертпе байланыстырылған суреттен көшірілген төрт цифрлық сан.
- Фотосурет түсіру мәзірінде Color space (Түс кеңістігі) үшін Adobe RGB мәні таңдалып түсірілген суреттер үшін дауыстық ескертпелердің файл атаулары «_DSCnnnn.WAV» түрінде болады.
- «DSC» орнына, фотосурет түсіру мәзіріндегі File naming (Файл атаулары) арқылы атау берілген суреттер үшін дауыстық ескертпелерде өздері байланыстырылған суреттермен бірдей үш әріптік префикс болады.
Дауыстық ескертпелерді ойнату
-
f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > Movie record button (Бейнефильм жазу түймешігі) қолданушы параметрі үшін Voice memo (Дауыстық ескертпе) мәнін таңдаңыз.
-
Ойнату режимін таңдаңыз және h белгішесі бар суретті көрсетіңіз.
-
Бейнефильм жазу түймешігін басыңыз.
- Дауыстық ескертпені ойнату басталады.
-
Бейнефильм жазу түймешігін қайтадан басыңыз.
- Дауыстық ескертпені ойнату аяқталады.
Сақтық ескертулер: дауыстық ескертпені ойнату
- Дауыстық ескертпені ойнату кезінде ойнатуды масштабтау өшіріледі.
-
Ойнату мына жағдайларда аяқталады:
- басқа суреттерді көрсеңіз,
- O түймешігін бассаңыз,
- ойнату режимінен шықсаңыз немесе
- фотокамераны өшірсеңіз.
- Ысырманы босату түймешігін бассаңыз немесе фотокамераның басқа басқару элементтерін пайдалансаңыз, ойнату аяқталуы мүмкін.
- Суреттерді қорғау байланысты дауыстық ескертпелерді де қорғайды. Қорғауды бөлек қолдану мүмкін емес.
- WT-7 арқылы компьютерге немесе FTP серверіне жүктеп салынған суреттерге дауыстық жаднамалар қосылмайды.Суреттерді HTTP сервері режимінде көргенде, дауыстық жаднамалар бөлек файлдар ретінде тізіледі.
Дауыстық ескертпелерді жою
h белгішесімен белгіленген суретті көріп жатқанда O түймешігін басу растау диалогтық терезесін көрсетеді.
- Суретті де, дауыстық ескертпені де жою үшін Image and voice memo (Кескін және дауыстық ескертпе) тармағын белгілеп, O түймешігін басыңыз.
- Тек дауыстық ескертпені жою үшін Voice memo only (Тек дауыстық ескертпе) тармағын белгілеп, O түймешігін басыңыз.
- Ешбір файлды жоюсыз ойнатуды жалғастыру үшін K түймешігін басыңыз.
- Суреттерді жою кез келген байланысты дауыстық ескертпелерді де жояды.
Дауыстық ескертпе параметрлері
Баптау мәзірі енді дауыстық ескертпені жазу және ойнату үшін келесі параметрлерді қамтитын Voice memo options (Дауыстық ескертпе параметрлері) элементін ұсынады.
-
Voice memo control (Дауыстық ескертпені басқару) дауыстық ескертпе жазу кезінде бейнефильм жазу түймешігінің әрекетін басқарады.
- Press and hold (Басып, ұстап тұру) (әдепкі): жазу бейнефильм жазу түймешігін басып тұрғанда ғана орын алады және осы түймешікті жібергенде аяқталады.
- Press to start/stop (Бастау/тоқтату үшін басу): жазуды бастау үшін бейнефильм жазу түймешігін бір рет басыңыз және жазуды аяқтау үшін тағы бір рет басыңыз.
-
Audio output (Аудио шығысы) дауыстық ескертпені ойнатудың дыбыс деңгейін басқарады.
- Speaker/headphones (Динамик/құлаққаптар): фотокамера динамигінде немесе фотокамераға қосылған құлаққаптарда дауыстық ескертпелер қандай дыбыс деңгейімен ойнатылатынын таңдаңыз.
- Off (Өшірулі): бейнефильм жазу түймешігі басылып тұрғанда, дауыстық ескертпелер ойнатылмайды.