САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА
Онлайн нұсқаулық
Нұсқаулықтарды іздеу
Бұл фотокамерада қосымша функциялары бар жаңартылған бағдарлама жасақтамасы бар. «Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары арқылы енгізілетін өзгерістер».
3 түрлі нұсқаулықтан таңдаңыз.
-
Негізгі суретке түсіру және ойнату туралы нұсқаулық керек болса,
Қолданушы нұсқаулығын (фотокамерамен бірге қамтамасыз етіледі) оқыңыз
Фотокамераның негізгі әрекеттерін, сонымен бірге осы фотокамераға қатысты мүмкіндіктерді меңгеріңіз.
-
Фотокамераны пайдаланудың барлық аспектілерінің нұсқаулығы керек болса,
Анықтамалық нұсқаулықы (pdf) оқыңыз
Онлайн нұсқаулықттың pdf нұсқасы (онлайн және анықтамалық нұсқаулықтардың мазмұны бірдей).
Z 7: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/492/Z_7.html
Z 6: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/493/Z_6.html
-
Сымсыз байланыстар туралы ақпаратты
Желі нұсқаулығында (pdf) оқыңыз
Желі нұсқаулығы фотокамераны Wi-Fi немесе Bluetooth арқылы компьютерге, я болмаса смартфон немесе планшет сияқты смарт құрылғыға қосу және WT-7 сымсыз таратқышы арқылы орындалатын тапсырмалар сияқты тақырыптарды қамтиды.
Z 7: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/492/Z_7.html
Z 6: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/493/Z_6.html
Осы нұсқаулық туралы
Бұл нұсқаулық фотокамераның бағдарлама жасақтамасының 3.00 және одан кейінгі нұсқаларына арналған.
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының соңғы нұсқасы Nikon жүктеп алулар орталығында жүктеп алуға қолжетімді.
Бұл нұсқаулық Z 7 және Z 6 екеуімен де бірге пайдалануға арналған. Иллюстрацияларда Z 7 көрсетілген.
Таңбалар және шартты белгілер
Қажет ақпаратты оңайырақ табу үшін келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылады:
D | Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. |
---|---|
A | Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. |
0 | Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді. |
Фотокамера дисплейлерінде көрсетілетін мәзір элементтері, параметрлер және хабарлар қалың қаріппен көрсетілген. Бұл нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі» деп аталады; жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.
Бұл фотокамераны XQD және CFexpress Type B жад карталарымен бірге пайдалануға болады. Бұл екеуін ажырату керек емес мәтінмәндерде, бұл нұсқаулықта түрлердің екеуі де «жад карталары» деп аталады.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар» деп аталады.
Фотокамера параметрлері
Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер пайдаланылады деп саналады.
A Қауіпсіздік шаралары
Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) бөліміндегі қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқыңыз.
Мазмұны
Фотокамерамен танысу
Алғашқы қадамдар
- Фотокамера бауын тағу
- Батареяны зарядтау
- Батареяны және жад картасын салу
- Объективті бекіту
- Тілді таңдау және сағатты орнату
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
Негізгі параметрлер
- Focus (Фокустау)
- White Balance (Ақ түс балансы)
- Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
- Суреттерге баға беру
- Суреттерді өшірілуден қорғау
Суретке түсіру басқару элементтері
- Режимді таңдау дискі
- S (ISO сезімталдық) түймешігі
- E (экспозиция түзетілімі) түймешігі
- c/E (суретке түсіру режимі/өздігінен түсіруді реттейтін таймер) түймешігі
- Қосымша селектор
i мәзірі
Қарау туралы қосымша ақпарат
- Суреттерді көру
- Фотосурет туралы мәлімет
- i түймешігі: ойнату
- Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
- Суреттерді өшіру
Мәзір нұсқаулығы
- Әдепкі мәндер
- D Ойнату мәзірі: кескіндерді басқару
- C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері
- 1 Бейнефильм түсіру мәзірі: бейнефильм түсіру параметрлері
- A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу
- B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау
- N Өңдеу мәзірі: өңделген көшірмелерді жасау
- O Менің мәзірім/m Соңғы параметрлер
Қосылымдар
Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру
- «Фотокамерада» және «Қашықтағы» түрлерін салыстыру
- Фотокамерадағы жарқылды пайдалану
- Кірістірілген жарқылды басқару режимі
- Жарқыл режимдері
- Жарқыл түзетілімі
- Жарқыл қуатының құлпы
- Фотокамерадағы бөліктерге арналған жарқыл туралы ақпарат
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
- Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін пайдалану
- Радио AWL
- Optical AWL (Оптикалық AWL)
- Optical/Radio AWL (Оптикалық/радио AWL)
- Жарқыл туралы ақпаратты көру
Ақауларды жою
Техникалық ескертпелер
- Фотокамера дисплейі және басқару панелі
- Nikon шығармашыл жарық жүйесі
- Басқа керек-жарақтар
- Фотокамераға күтім жасау
- Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары
- Техникалық сипаттамалары
- NIKKOR Z 24–70mm f/4 S объективінің қолданушы нұсқаулығы
- FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
- Рұқсат етілген жад карталары
- Жад картасының сыйымдылығы
- Батареяның қызмет көрсету мерзімі