Флюоресцентті немесе сынап газ разрядты жарықтандыру астында бейнефильмдер түсіргенде жыпылықтауды және жолақтарды азайтады. Фотокамераға дұрыс жиілікті автоматты түрде таңдауға рұқсат ету үшін Auto (Автоматты) параметрін таңдаңыз немесе жиілікті жергілікті айнымалы ток көзінің жиілігіне қолмен сәйкестендіріңіз.
Егер Auto (Автоматты) қажетті нәтижелерді бермесе және егер жергілікті қуат көзінің жиілігін білмесеңіз, 50 және 60 Гц параметрлерінің екеуін де тексеріп, ең жақсы нәтижелерді беретінін таңдаңыз. Нысан тым жарық болса, жыпылықтауды азайту қалаған нәтижелерді бермеуі мүмкін, бұл жағдайда кішірек апертураны (жоғарырақ f саны) таңдаған жөн болады. Жыпылықтауды болдырмау үшін M режимін таңдаңыз және жергілікті қуат көзінің жиілігіне бейімделген ысырма жылдамдығын таңдаңыз: 60 Гц үшін 1/125 с, 1/60 с немесе 1/30 с; 50 Гц үшін 1/100 с, 1/50 с немесе 1/25 с.