Фотокамера орын деректерін қамтамасыз ететін құрылғыға, атап айтқанда GPS қабылдағышына немесе SnapBridge қолданбасы орнатылған смарт құрылғыға қосулы кезде пайдаланатын параметрлерді реттеу (SnapBridge туралы қосымша ақпаратты қолданбаның онлайн анықтамасында қараңыз).
- Standby timer (Күту режимінің таймері): GPS қабылдағышы қосулы кезде Enable (Қосу) мәні таңдалса, c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)) > Standby timer (Күту режимінің таймері) қолданушы параметрінде көрсетілген кезең бойы әрекеттер орындалмаса, экспозиция өлшегіштері автоматты түрде өшіп, батареяны тұтынуды азайтады.
- Position (Орын): GPS қабылдағышы немесе смарт құрылғы қамтамасыз еткен орын деректерін көру (көрсетілетін элементтер көзге қарай өзгеріп отырады).
- Set clock from satellite (Сағатты жерсеріктен орнату): фотокамера сағатын GPS құрылғысы хабарлаған уақытпен синхрондау үшін Yes (Иә) жауабын таңдаңыз.