WR-R10 қосымша сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің және жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын қосымша радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерінің параметрлерін реттеңіз.
LED Lamp (LED шамы)
Фотокамераға бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігінде күй LED шамдарын қосыңыз немесе өшіріңіз. Қосымша ақпаратты сымсыз қашықтан басқару бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз.
Link Mode (Байланыс режимі)
Басқа фотокамераларда бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөліктері немесе жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын радиомен басқарылатын жарқыл бөліктері үшін байланыс режимін таңдаңыз. Басқа құрылғылар үшін бірдей режим таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Pairing (Жұптастыру): фотокамераны басқа құрылғылармен жұптастыру үшін фотокамераға WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігін бекітіп, суреттерді жұптастыру түймешігін басыңыз.
PIN: төрт цифрлық PIN кодын пайдаланып қосылу. Цифрларды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз және өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз, содан кейін PIN кодын енгізу және таңдалған PIN кодын көрсету үшін J түймешігін басыңыз.
Link mode (Байланыс режимі) үшін таңдалған параметрге қарамастан, жұптастырылған сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің сигналдарын әрқашан WR-R10 қабылдайды. WR-1 сымсыз қашықтан басқару пультінің пайдаланушылары WR-1 байланыс режимі ретінде жұптастыруды таңдау керек.
WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі
WR-R10 бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз (3.0 немесе одан кейінгі нұсқа). Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз.