Екі жад картасын пайдалану
Фотокамераға екі жад картасы салынған болса, фотосурет түсіру мәзіріндегі Primary slot selection (Негізгі ұяшықты таңдау) элементін пайдаланып біреуін негізгі карта ретінде таңдауға болады (0 Primary slot selection (Негізгі ұяшықты таңдау)). Негізгі карта ретінде XQD картасының ұяшығындағы картаны белгілеу үшін XQD card slot (XQD картасының ұяшығы) параметрін, SD картасын таңдау үшін SD card slot (SD картасының ұяшығы) параметрін таңдаңыз. Негізгі және қосымша карталар ойнайтын рөлдерді фотосурет түсіру мәзіріндегі Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) параметрін пайдаланып таңдауға болады (0 Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы)). Overflow (Толып кету) (қосымша карта негізгі карта толы болғанда ғана пайдаланылады), Backup (Сақтық көшірме) (әр сурет негізгі картаға да, қосымша картаға да жазылады) және RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша) арасынан таңдаңыз (Backup (Сақтық көшірме) параметрімен бірдей, тек NEF/RAW + JPEG параметрлерінде түсірілген фотосуреттердің NEF/RAW пішіміндегі көшірмелері тек негізгі картаға жазылады және JPEG пішіміндегі көшірмелер тек қосымша картаға жазылады).
«Backup (Сақтық көшірме)» және «RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша)»
Фотокамера картада қалған кадрлар санын, әрі жадтың ең аз мөлшерін көрсетеді. Картаның біреуі толғанда ысырманы босату мүмкіндігі өшіріледі.
Бейнефильмдерді жазу
Фотокамераға екі жад картасы салынғанда, бейнефильмдерді жазуға пайдаланылатын ұяшықты бейнефильм түсіру мәзіріндегі Destination (Мақсатты орын) параметрін пайдаланып таңдауға боалды (0 Destination (Межелі орын)).