Үйлесімді объективтер
(PDF; 112 КБ)
Кірістірілген микропроцессоры бар және G, Е және D түріне жататын объективтерді тану
Кірістірілген микропроцессоры бар объективтер (әсіресе G, Е және D түрлері) ұсынылады, бірақ IX-NIKKOR объективтерін пайдалануға болмайтынын ескеріңіз. Кірістірілген микропроцессоры бар объективтерді микропроцессор түйіспелерінің көмегімен, G, Е және D түріне жататын объективтерді объектив доғасындағы әріп көмегімен анықтауға болады. G, Е түріне жататын объективтер объективтің апертура сақинасымен жабдықталмайды.
Объективтің f саны
Объектив атауларында берілген f саны объективтің максималды апертурасы болып табылады.
Үйлесімді микропроцессормен жабдықталмаған объективтер
Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректерін) (0 Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер) кірістірілген микропроцессоры бар объективтердегі қол жетімді мүмкіндіктердің көбін, түс матрицасын өлшеу мүмкіндігін де қосу үшін пайдалануға болады; ешқандай деректер берілмесе, түс матрицасын өлшеу мүмкіндігінің орнына ортасы бойынша өлшеу мүмкіндігі пайдаланылады, максималды апертура берілмесе, фотокамера апертурасының дисплейі максималды апертурадан нүктелер санын көрсетеді және нақты апертура мәні объективтің апертура сақинасынан бөлек оқылуы тиіс.
Үйлесімді емес керек-жарақтар және микропроцессоры жоқ объективтер
Мыналарды D850 фотокамерасымен бірге пайдалану мүмкін емес:
- TC-16A АФ телескопиялық түрлендіргіші
- AI емес объективтер
- AU-1 фокустау құрылғысын талап ететін объективтер (400 мм f/4.5, 600 мм f/5.6, 800 мм f/8, 1200 мм f/11)
- Балық көзі түріндегі объектив (6 мм f/5.6, 7,5 мм f/5.6, 8 мм f/8, OP 10 мм f/5.6)
- 2,1 см f/4
- K2 ұзартатын сақинасы
- 180–600 мм f/8 ED (сериялық нөмірлері 174041–174180)
- 360–1200 мм f/11 ED (сериялық нөмірлері 174031–174127)
- 200–600 мм f/9.5 (сериялық нөмірлері 280001–300490)
- F3AF (AF 80 мм f/2.8, AF 200 мм f/3.5 ED, TC-16 AF телескопиялық түрлендіргіші) арналған AF объективтері
- PC 28 мм f/4 (сериялық нөмірі 180900 немесе ертерек)
- PC 35 мм f/2.8 (сериялық нөмірлері 851001–906200)
- PC 35 мм f/3.5 (ескі түрі)
- Шағылыстырғыш 1000 мм f/6.3 (ескі түрі)
- Шағылыстырғыш 1000 мм f/11 (сериялық нөмірлері 142361–143000)
- Шағылыстырғыш 2000 мм f/11 (сериялық нөмірлері 200111–200310)
ДА объективтері
Төменде тізілген объективтер ұзақ экспозициялар немесе жоғары ISO сезімталдықтармен түсірілген фотосуреттер үшін ұсынылмайды, өйткені дірілді азайтуды (ДА) басқару жүйесінің дизайнына байланысты нәтижесіндегі фотосуреттерде түстердің әркелкілігі күңгірттеуі мүмкін. ДА объективтерін пайдаланғанда дірілді азайтуды өшіру ұсынылады.
- AF-S VR Zoom-Nikkor 24–120mm f/3.5–5.6G IF-ED
- AF-S VR Zoom-Nikkor 70–200mm f/2.8G IF-ED
- AF-S VR Zoom-Nikkor 70–300mm f/4.5–5.6G IF-ED
- AF-S VR Nikkor 200mm f/2G IF-ED
- AF-S VR Nikkor 300mm f/2.8G IF-ED
- AF-S NIKKOR 16–35mm f/4G ED VR
- AF-S NIKKOR 24–120mm f/4G ED VR
- AF-S NIKKOR 28–300mm f/3.5–5.6G ED VR
- AF-S NIKKOR 400mm f/2.8G ED VR
- AF-S NIKKOR 500mm f/4G ED VR
- AF-S DX VR Zoom-Nikkor 18–200mm f/3.5–5.6G IF-ED
- AF-S DX NIKKOR 16–85mm f/3.5–5.6G ED VR
- AF-S DX NIKKOR 18–200mm f/3.5–5.6G ED VR II
- AF-S DX Micro NIKKOR 85mm f/3.5G ED VR
- AF-S DX NIKKOR 55–300mm f/4.5–5.6G ED VR
Көрініс бұрышын есептеу
Бұл фотокамерада 35 мм (135) пішімді фотокамераларға арналған Nikon объективтерін пайдалануға болады. 35 мм пішімді объектив жалғанған болса, көрініс бұрышы 35 мм пленканың кадрымен (35,9 × 23,9 мм) бірдей болады.
Қажет болса, ағымдағы объективтікінен басқа көрініс бұрышын таңдау үшін фотосурет түсіру мәзіріндегі Image area (Кескін аумағы) параметрін пайдалануға болады. 35 мм пішімді объектив жалғанған болса, кішірек аумақты жарық көзінде ұстау үшін DX (24×16) немесе 1.2× (30×20) параметрін таңдау арқылы көрініс бұрышын 1,5 есе немесе 1,2 есе азайтуға, я болмаса, 5:4 (30×24) немесе 1:1 (24×24) параметрін таңдау арқылы арақатынасты өзгертуге болады. Төменде әр түрлі кескін аумағы параметрлерімен жарық көзінде ұсталған аумақтардың өлшемдері көрсетілген.
1 | Объектив |
---|---|
2 | FX (36×24) сурет өлшемі (35,9 × 23,9 мм, 35 мм пішімді фотокамераға тең) |
3 | 1.2× (30×20) сурет өлшемі (29,9 × 19,9 мм) |
4 | DX (24×16) сурет өлшемі (23,5 × 15,7 мм, DX пішімді фотокамераға тең) |
5 | Суреттің диагональ сызығы |
6 | Көрініс бұрышы (FX (36×24); 35 мм пішімі) |
7 | Көрініс бұрышы (1.2× (30×20)) |
8 | Көрініс бұрышы (DX (24×16); DX пішімі) |
9 | 5:4 (30×24) сурет өлшемі (29,9 × 23,9 мм) |
10 | 1:1 (24×24) сурет өлшемі (23,9 × 23,9 мм) |
11 | Көрініс бұрышы (5:4 (30×24)) |
12 | Көрініс бұрышы (1:1 (24×24)) |
DX (24×16) көрініс бұрышы 35 мм пішімінің көрініс бұрышынан 1,5 есе кішірек, ал 1.2× (30×20) көрініс бұрышы шамамен 1,2 есе кішірек, 5:4 (30×24) көрініс бұрышы шамамен 1,1 есе кішірек және 1:1 (24×24) көрініс бұрышы шамамен 1,3 есе кішірек. 35 мм пішіміндегі объективтердің фокустық қашықтығын есептеу үшін DX (24×16) таңдалғанда шамамен 1,5-ға, 1.2× (30×20) таңдалғанда шамамен 1,2-ге, 5:4 (30×24) таңдалғанда шамамен 1,1-ге немесе 1:1 (24×24) таңдалғанда шамамен 1,3-ке көбейтіңіз (мысалы, 35 мм пішіміндегі 50 мм объективтің тиімді фокустық қашықтығы DX (24×16) таңдалғанда шамамен 75 мм, 1.2× (30×20) таңдалғанда 60 мм, 5:4 (30×24) таңдалғанда 55 мм немесе 1:1 (24×24) таңдалғанда 65 мм болатын еді).