Толық өлшемде қарау

Сурет нобайын қарау

Толық өлшемде қарау

Фотосуреттерді қарау үшін K түймешігін басыңыз. Мониторда ең соңғы фотосурет көрсетіледі. Қосымша суреттерді солға немесе оңға шерту, я болмаса, 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы көрсетуге болады; ағымдағы фотосурет туралы қосымша ақпаратты көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (0 Фотосурет туралы мәлімет).

K түймешігі

Сурет нобайын қарау

Бірнеше кескінді көру үшін сурет толық өлшемде көрсетілгенде W (M) түймешігін басыңыз. Көрсетілетін кескіндер саны W (M) түймешігін басқан сайын 4–9–72 аралығында артады және X түймешігін басқан сайын азаяды. Жоғары немесе төмен жүгірту үшін сенсорлық экранда саусақты сырғытыңыз, я болмаса, кескіндерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.

W (M) түймешігі

Ойнатуды басқару тетіктері

1 O (Q): Ағымдағы суретті жою
2 G: Мәзірлерді көру
3 L (Z/Q): Ағымдағы суретті қорғау
4 X: Ұлғайту
5 W (M): Бірнеше кескінді көру
6 J: Мульти селектормен бірге төменде сипатталғандай пайдаланыңыз

J түймешігін мульти селектормен бірге пайдалану

Екі жад картасы

Екі жад картасы салынған болса, ойнатылатын картаны 72 сурет нобайы көрсетілгенде W (M) түймешігін басу арқылы таңдауға болады.

Rotate Tall (Тік суреттерді бұру)

«Тік» (портреттік бағдардағы) фотосуреттерді тік бағдарда көрсету үшін қарау мәзірінде Rotate tall (Тік суреттерді бұру) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (0 Rotate tall (Тік суреттерді бұру)).

Image Review (Кескінді тексере қарау)

Қарау мәзірінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда (0 Image review (Кескінді тексере қарау)), фотосуреттер түсірілгеннен кейін мониторда автоматты түрде көрсетіледі (фотокамера дұрыс бағытта тұрғандықтан, кескіндер кескінді тексере қарау кезінде автоматты түрде бұрылмайды). Үздіксіз суретке түсіру режимінде фотосуреттер түсіру аяқталғанда көрсетіледі (ағымдағы қатардағы бірінші фотосурет көрсетіледі).

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Мына туралы ақпарат алу үшін:

Сенсорлық экранды пайдалану

Ойнату кезінде сенсорлық мониторды келесілер үшін пайдалануға болады:


Басқа кескіндерді көру

Басқа кескіндерді көру үшін солға немесе оңға шертіңіз.


Басқа кескіндерге жылдам жүгірту

Толық өлшемдік көріністе кадрдың ілгерілеу жолағын көрсету үшін дисплейдің төменгі жағын түртуге, содан кейін басқа кескіндерге жылдам жүгірту үшін саусақты солға немесе оңға сырғытуға болады.

Кадрдың ілгерілеу жолағы


Ұлғайту (тек фотосуреттер)

Ұлғайту және кішірейту үшін созу және шымшу қимылдарын пайдаланыңыз және жүгірту үшін сырғытыңыз (0 Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау). Сондай-ақ, толық өлшемде қараудан ұлғайту немесе масштабтауды болдырмау үшін дисплейді екі рет жылдам нұқуға болады.


Сурет нобайларын көру

Сурет нобайлары көрінісіне «кішірейту» үшін (0 Сурет нобайын қарау) толық өлшемде қарауда шымшу қимылын пайдаланыңыз. Көрсетілетін кескіндер санын 4, 9 және 72 кадр арасынан таңдау үшін шымшуды және созуды пайдаланыңыз.


Бейнефильмдерді көру

Бейнефильмді ойнатуды бастау үшін экрандық нұсқаулықты нұқыңыз (бейнефильмдер 1 белгішесімен көрсетіледі). Кідірту немесе жалғастыру үшін дисплейді нұқыңыз, я болмаса, толық өлшемде қараудан шығу үшін Z белгішесін нұқыңыз (бейнефильмді ойнату дисплейіндегі кейбір белгішелер сенсорлық экран әрекеттеріне реакция көрсетпейтінін ескеріңіз).

Нұсқаулық

i түймешігі

Толық өлшемде немесе сурет нобайын қарау дисплейлері кезінде i түймешігін басқанда төменде тізілген параметрлер көрсетіледі. Сенсорлық экранды немесе мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып параметрлерді таңдаңыз.

  • Rating (Бағалау): ағымдағы суретке баға беру (0 Суреттерге баға беру).
  • Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыны таңдау/таңдауды алу) (тек фотосуреттер): смарт құрылғыға кері жүктейтін фотосуреттерді таңдау.
  • Retouch (Өңдеу) (тек фотосуреттер): ағымдағы фотосуреттің өңделген көшірмесін жасау үшін өңдеу мәзіріндегі параметрлерді (0 N Retouch Menu (Өңдеу мәзірі): өңделген көшірмелерді жасау) пайдаланыңыз.
  • Volume control (Дыбыс деңгейін басқару) (тек бейнефильмдер): бейнефильмдерді ойнатудың дыбыс деңгейін реттеу.
  • Trim movie (Бейнефильмді қысқарту) (тек бейнефильмдер): бейнефильмдерден қалаусыз түсірілген бөлікті қысқарту (0 Бейнефильмдерді өңдеу). Сондай-ақ бейнефильмдерді бейнефильмді ойнату кідіртілгенде i түймешігін басу арқылы өңдеуге болады.
  • Choose slot and folder (Ұяшық пен қалтаны таңдау): ойнату үшін қалтаны таңдау. Таңдалған картадағы қалталар тізімін алу үшін ұяшықты белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалтаны белгілеңіз және белгіленген қалтадағы суреттерді көру үшін J түймешігін басыңыз.

i түймешігі

i түймешігінің мәзірінен шығу және ойнатуға оралу үшін i түймешігін қайтадан басыңыз.