Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер
Микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді A және M экспозиция режимдерінде объективтің апертура сақинасын пайдаланып апертураны орнатып пайдалануға болады. Объектив деректерін (объективтің фокустық қашықтығы және максималды апертура) көрсету арқылы пайдаланушы кірістірілген микропроцессоры бар объективтің әр түрлі функцияларын пайдалана алады.
Объективтің фокустық қашықтығы белгілі болса:
- Электр жетекті масштабтауды қосымша жарқыл бөліктерімен пайдалануға болады
- Объективтің фокустық қашықтығы қарау кезінде фотосурет туралы мәлімет дисплейінде (жұлдызшамен) көрсетіледі
Объективтің максималды апертурасы белгілі болса:
- Апература мәні басқару панелі мен көріністапқышта көрсетіледі
- Жарқыл бөлігі qA (автоматты апертура) режимін қолдаса, жарқыл деңгейі апертурадағы өзгерістерге реттеледі
- Апертура қарау кезінде фотосурет туралы мәлімет дисплейінде (жұлдызшамен) көрсетіледі
Объективтің фокустық қашықтығы мен максималды апертурасын белгілеу:
- Түрлі-түсті матрицалық өлшемін қосады (кейбір объективтермен, соның ішінде Reflex-NIKKOR объективтерімен дәл нәтижеге қол жеткізу үшін ортасы бойынша өлшеуді немесе нүктелі экспоөлшегішті пайдалану қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз)
- Ортасы бойынша өлшеу мен нүктелі экспоөлшегіштің және сандық айналы фотокамераның i-TTL балансталған толықтырғыш жарқылының дәлдігін жақсартады
Микропроцессормен жабдықталмаған объективтің деректерін енгізу немесе өңдеу:
-
Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) параметрін таңдаңыз.
Баптау мәзірінде Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Объектив нөмірін таңдаңыз.
Lens number (Объектив нөмірі) параметрін белгілеңіз және 4 немесе 2 түймешігін басып, объектив нөмірін таңдаңыз.
-
Фокустық қашықтық пен апертураны енгізіңіз.
Focal length (mm) (Фокустық қашықтық (мм)) немесе Maximum aperture (Максималды апертура) параметрін белгілеңіз және белгіленген элементті өңдеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.
-
Параметрлерді сақтап, шығыңыз.
J түймешігін басыңыз. Көрсетілген фокустық қашықтық пен апертура таңдалған объектив нөмірімен сақталады.
Микропроцессормен жабдықталмаған объективті пайдаланғанда объектив деректерін шақыру үшін:
-
Микропроцессормен жабдықталмаған объектив нөмір таңдауын фотокамераны басқару тетігіне тағайындаңыз.
f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып Choose non-CPU lens number (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив нөмірін таңдау) функциясын басқару тетігіне тағайындаңыз.
-
Таңдалған басқару тетігін пайдаланып объектив нөмірін таңдаңыз.
Таңдалған басқару тетігін басып, басты немесе қосымша басқару дискін басқару панелінде қажетті объектив нөмірі көрсетілгенше бұраңыз.
Фокустық қашықтық Максималды апертура
Фокустық қашықтық тізімде жоқ
Дұрыс фокустық қашықтық тізімде жоқ болса, объективтің нақты фокустық қашықтығынан үлкендеу ең жақын мәнді таңдаңыз.
Телескопиялық түрлендіргіштер мен масштабтау объективтері
Телескопиялық түрлендіргіштердің максималды апертурасы телескопиялық түрлендіргіш пен объективтің біріктірілген максималды апертурасы болып келеді. Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер ұлғайтылғанда немесе кішірейтілгенде объектив деректері реттелмейтінін ескеріңіз. Әр түрлі фокустық қашықтықтардың деректерін бөлек объектив нөмірлері ретінде енгізуге болады, не болмаса масштаб реттелген сайын объективтің фокустық қашықтығы мен максималды апертура үшін жаңа мәндерді көрсету үшін объективтің деректерін өңдеуге болады.