Фотокамераны басқару элементтері мен дисплейлермен асықпай танысып алыңыз. Нұсқаулықтың өзге бөлімдерін оқу барысында осы бөлімге сілтеме жасау үшін бетбелгі қою пайдалы болуы мүмкін.

Фотокамера корпусы

1

T түймешігі

2 Суретке түсіру режимі дискісінің құлпын босату
3 Суретке түсіру режимінің дискі
4 Фотокамера бауына арналған тесік
5

U түймешігі

6

I түймешігі

7

Y түймешігі

8 Стерео микрофон
9 Бейнефильмді жазу түймешігі
10 Қуат ажыратқышы
11 Ысырманы босату түймешігі
12

E түймешігі

13

S/Q түймешігі

14 Басқару панелі
15 Диоптрияны реттеу тетігі
16 Фокустық жазықтық таңбасы (E)
17 Керек-жарақтарға арналған құрылғы (қосымша жарқыл бөлігі үшін)

1 Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы
2 Экспоөлшегішті қосу тұтқасы
3

BKT түймешігі

4 Жарқылды синхрондау түйіспе тұс қақпағы
5 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышының қақпағы
6 Дыбыс жалғағыш қақпағы
7 USB жалғағыш қақпағы
8 HDMI жалғағыш қақпағы
9 АФ режимі түймешігі
10 Фокус режимінің ауыстырғышы
11 Объективті босату түймешігі
12 Объективті бекіту таңбасы
13 Айна
14 Жарқылды синхрондау түйіспе тұсы
15 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышы
16 Құлаққап жалғағышы
17 Сыртқы микрофонға арналған жалғағыш
18 USB жалғағыш
19 HDMI жалғағышы
20 Корпус қақпағы

1 Қосымша басқару дискі
2

Pv түймешігі

3 Fn1 түймешігі
4 Батарея бөлімі қақпағының ілмегі
5 Батарея бөлімінің қақпағы
6 Объектив жиектемесі
7 Микропроцессор түйіспелері
8 MB-D18 қосымша бірнеше қуат көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін әмбебап батарея жинағына арналған түйіспелер қақпағы
9 Штатив ұяшығы
10 Қуат жалғағышының қақпағы

1 Көріністапқыш
2 Окулярдың ысырма тұтқасы
3

O/Q түймешігі

4

K түймешігі

5 G түймешігі
6

L/Z/Q түймешігі

7

X түймешігі

8

W/M түймешігі

9 J түймешігі
10 Fn2 түймешігі
11 Еңкейтілетін монитор
12 Көріністапқыш окуляры
13 Үндеткіш
14 Қосымша селектор
15 AF-ON түймешігі
16 Басты басқару дискі
17 Мульти селектор
18 Фокустау ауыстырғышының құлпы
19 Жад картасы ұяшығының қақпағы
20

R түймешігі

21 Тікелей көрініс селекторы
22

a түймешігі

23

i түймешігі

24 Жад картасына қатынасу шамы

Жалғағыш қақпағын жабу

Жалғағыштарды пайдаланбаған кезде жалғағыш қақпағын жабыңыз. Жалғағыштарға түсіп кеткен бөгде заттар деректерді көшіруге кедергі келтіруі мүмкін.

Үндеткіш

Үндеткішті магнитті құрылғылардың жанына қоймаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау магнитті құрылғыларда жазылған деректерге әсер етуі мүмкін.

Басқару панелі

Басқару панелі фотокамера қосулы кезде фотокамераның әр түрлі параметрлерін көрсетеді. Мұнда көрсетілген элементтер фотокамераны бірінші рет қосқанда көрсетіледі; басқа параметрлер туралы ақпаратты осы нұсқаулықтың қатысты бөлімдерінде табуға болады.

1 Экспозиция режимі
2 Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы)
3 Ысырма жылдамдығы
4 Батарея индикаторы
5 Апертура (f саны)
6 XQD картасының белгішесі
7 SD картасының белгішесі
8 Қалған кадрлар саны
9 АФ аумағының режимі
10 Автофокус режимі
11 Ақ түс балансы
12 Кескін өлшемі (JPEG және TIFF кескіндері)
13 Image quality (Кескін сапасы)
14 B («сағат орнатылмаған») индикаторы
15 Өлшеу

B («сағат орнатылмаған») индикаторы

Фотокамера сағатына тәуелсіз, қайта зарядтамалы қуат көзі қуат береді. Бұл қуат көзі негізгі батарея орнатылғанда немесе фотокамераға қосымша қуат жалғағышы және айнымалы ток адаптері қуат бергенде қажетінше зарядталады (0 Басқа керек-жарақтар). Екі күн зарядтау сағатқа шамамен үш ай бойы қуат береді. Басқару панелінде B белгішесі жыпылықтаса, сағат қалпына келтірілген және кез келген жаңа фотосуреттерде жазылған күн және уақыт дұрыс болмайды. Баптау мәзіріндегі Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) > Date and time (Күн және уақыт) параметрін пайдаланып сағатты дұрыс уақыт пен күнге орнатыңыз (0 Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн)).

Сұйық кристалдық дисплей жарықтары

Қуат ажыратқышын D күйіне қарай бұрау түймелердің және басқару панельдерінің артқы жарықтарын іске қосады, осылайша фотокамераны қараңғыда пайдалануды оңайырақ етеді. Қуат ажыратқышы босатылғаннан кейін күту режимінің таймері белсенді кезде немесе ысырма босатылғанша немесе қуат ажыратқышы қайтадан D күйіне бұралғанша артқы жарықтар бірнеше секунд бойы жанып тұрады.

Қуат ажыратқышы

Басқару панелі және көріністапқыш дисплейлері

Басқару панелі мен көріністапқыш дисплейлерінің жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады және дисплейлердің жауап беру уақыты төмен температураларда ұзаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және ақауды білдірмейді.

Көріністапқыш дисплейі

1 Айналдыру индикаторы 1, 2
2 АФ аумағының жақшалары
3 Жақтауға алу торы (d9, Viewfinder grid display (Көріністапқыш тор дисплейі) қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кезде көрсетіледі)
4 Фокустау нүктелері
5 Еңкейту бұрышының индикаторы 1, 3
6 Жыпылықтауды анықтау
7 Фокустау индикаторы
8 Өлшеу
9 Автоэкспозиция (АЭ) құлпы
10 Ысырма жылдамдығы құлпының белгішесі
11

Ысырма жылдамдығы

Автофокус режимі

12 Апертура құлпының белгішесі
13

Апертура (f саны)

Апертура (тоқтау саны)

14 Экспозиция режимі
15 Жарқыл түзетілімінің индикаторы
16 Экспозиция түзетілімінің индикаторы
17

ISO сезімталдық индикаторы

Автоматты ISO сезімталдығының индикаторы

18

ISO сезімталдық

Алдын-ала орнатылған ақ түс балансын жазу индикаторы

Қосылған D-Lighting мөлшері

АФ аумағының режимі

19 «k» (жадта 1000-нан астам экспозиция үшін орын қалған кезде пайда болады)
20 Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор 4
21 Жарқыл қуаты құлпының индикаторы
22 Жарқылды синхрондау индикаторы
23 Апертураны тоқтату индикаторы
24

Экспозиция индикаторы

Экспозиция түзетілімінің дисплейі

25 Төмен батарея заряды туралы ескерту
26

Экспозиция/жарқыл брекетингінің индикаторы

Ақ түс балансы брекетингінің индикаторы

ADL брекетингінің индикаторы

27

Қалған кадрлар саны

Жад буфері толғанға дейін қалған түсірілімдер саны

Экспозиция түзетілімінің мәні

Жарқыл түзетілімінің мәні

Компьютер режимінің индикаторы

f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып Viewfinder virtual horizon (Көріністапқыштың виртуалды көкжиегі) параметрі тағайындалған түймешікті басу арқылы көрсетуге болады.

Фотокамераны «тік» (портреттік) бағдардағы суреттерді түсіру үшін бұрғанда еңкейту бұрышының индикаторы ретінде қызмет етеді.

Фотокамераны «тік» (портреттік) бағдардағы суреттерді түсіру үшін бұрғанда айналдыру көрсеткіші ретінде қызмет етеді.

Қосымша жарқыл бөлігі бекітілгенде көрсетіледі (0 Жарқылды пайдалану). Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор жарқыл зарядталған кезде жанады.

Ескертпе: дисплей көрнекілік мақсатында барлық индикаторлар жанған түрде көрсетілген.

Батарея жоқ

Батарея қуаты толық таусылған немесе ешқандай батарея салынбаған кезде, көріністапқыш дисплейі күңгірттенеді. Бұл қалыпты жағдай және ақауды білдірмейді. Көріністапқыш дисплейі толық зарядталған батарея салынған кезде қалыпты күйіне оралады.

Диоптрияны реттеу тетігі

Диоптрияны реттеу тетігін көтеріңіз және көріністапқыш дисплейі, фокустау нүктелері және АФ аумағының жақшалары анық фокуста болғанша бұраңыз. Көзіңізді көріністапқышқа жақындатып диоптрияны реттеу тетігімен жұмыс істеу кезінде көзіңізге саусағыңызды немесе тырнағыңызды кіргізіп алмаңыз. Фокусты қалағанша реттегеннен кейін диоптрияны реттеу тетігін бір рет басыңыз.

Көріністапқыш фокуста емес

Көріністапқыш фокуста

Көріністапқыш окулярының реттегіш линзалары

Түзеткіш линзаларды (бөлек сатылады; 0 Басқа керек-жарақтар) көріністапқыш диоптриясын одан әрі реттеу үшін пайдалануға болады. Көріністапқыш окулярының реттегіш линзасын бекіту алдында окуляр құлпын босату үшін көріністапқыш ысырмасын жабу (), содан кейін окулярды саусақ пен басбармақ арасында ақырын ұстау және көрсетілгендей бұрап алу арқылы () DK-17F көріністапқыш окулярын алыңыз.

Еңкейтілетін мониторды пайдалану

Мониторды төменде көрсетілгендей бұрыштатуға және бұруға болады.


Қалыпты пайдалану: монитор әдетте сақтау күйінде пайдаланылады.


Төмен бұрышты түсірілімдер: тікелей көріністе фотокамераны төмен ұстап суреттер түсіру үшін мониторды жоғары қарай еңкейтіңіз.


Жоғары бұрышты түсірілімдер: тікелей көріністе фотокамераны жоғары ұстап суреттер түсіру үшін мониторды төмен қарай еңкейтіңіз.

Мониторды пайдалану

Мониторды ақырын айналдырып, кедергіні сезгенде тоқтаңыз. Күш пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау фотокамераны немесе мониторды зақымдауы мүмкін. Фотокамера штативке бекітілген болса, монитор штативке тимеуі үшін сақ болу керек.

Фотокамераны мониторынан көтермеңіз немесе алып жүрмеңіз. Осы сақтық шарасын орындамау фотокамераның зақымдалуына әкелуі мүмкін. Фотосуреттер түсіру үшін пайдаланылып жатпаса, мониторды сақтау күйіне қайтарыңыз.

Монитордың артқы жағындағы аумаққа тимеңіз немесе сұйықтықтың ішкі бетке тиюіне жол бермеңіз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.

Осы аумаққа тимеу үшін әсіресе сақ болыңыз.

Сенсорлық экранды пайдалану

Сенсорлық монитор келесі әрекеттерді қолдайды:


Шерту

Саусақпен мониторда солға немесе оңға қысқа қашықтыққа шертіңіз.


Сырғыту

Саусақты мониторда сырғытыңыз.


Созу/шымшу

Мониторға екі саусақты қойыңыз, сөйтіп оларды бір бірінен алшақтатыңыз немесе бір біріне жақындатыңыз.

Сенсорлық экранды пайдалану

Ойнату кезінде (0 Сенсорлық экранды пайдалану) сенсорлық экранды келесілер үшін пайдалануға болады:

  • Басқа кескіндерді көру
  • Ұлғайту немесе кішірейту
  • Сурет нобайларын көру
  • Бейнефильмдерді көру

Тікелей көрініс кезінде сенсорлық экранда суреттер түсіру (сенсорлы қосылатын ысырма; 0 Сенсорлы фотосурет түсіру (сенсорлы қосылатын ысырма)) немесе нүктелі ақ түс балансының мәнін өлшеу (0 Тікелей көрініс (нүктелі ақ түс балансы)) үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ сенсорлық экранды теру (0 Мәтін енгізу) немесе мәзірлерді шарлау (0 Сенсорлық экранды пайдалану) үшін пайдалануға болады.

Сенсорлық экран

Сенсорлық экран статикалық электр тогына реакция көрсетеді және үшінші тарап қорғағыш пленкаларымен жапқанда, я болмаса, тырнақтармен немесе қолғаптағы қолдармен тигенде реакция көрсетпеуі мүмкін. Артық күш қолданбаңыз немесе экранға үшкір заттармен тимеңіз.

Сенсорлық экранды пайдалану

Бетінде алақанды немесе екінші жерде екінші саусақты қалдырып пайдалануға әрекеттенсеңіз, сенсорлық экран күткендей реакция көрсетпеуі мүмкін. Түрту тым жұмсақ болса, саусақтар тым тез немесе тым қысқа қашықтыққа жылжытылса, экранмен байланыста қалмаса немесе шымшу немесе созудағы екі саусақтың қозғалысы дұрыс үйлестірілмесе, ол басқа қимылдарды танымауы мүмкін.

Сенсорлық басқару элементтерін қосу немесе өшіру

Сенсорлық басқару элементтерін баптау мәзіріндегі Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері) параметрін пайдаланып қосуға немесе өшіруге болады (0 Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері)).

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Басқа кескіндерді толық өлшемде қарау үшін шерту бағытын таңдау туралы ақпаратты B > Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері) (0 Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері)) бөлімінен қараңыз.