Пішімдеуді бастау үшін жад картасының ұяшығын таңдап, Yes (Иә) пәрменін таңдаңыз. Пішімдеу таңдалған ұяшықтағы картадағы бүкіл суреттерді және басқа деректерді біржола жоятынын ескеріңіз. Пішімдеу алдында қажетінше сақтық көшірмелерді жасаңыз.
Пішімдеу кезінде
Пішімдеу кезінде фотокамераны өшірмеңіз немесе жад карталарын алмаңыз.
Екі түймешікті басу арқылы пішімдеу
Сондай-ақ жад карталарын O (Q) және S (Q) түймешіктерін екі секундтан көбірек басу арқылы пішімдеуге болады.