On (Қосулы) күйі таңдалған болса, жаңа фотосуреттер смарт құрылғыға автоматты түрде кері жүктеледі (фотокамера қазіргі уақытта смарт құрылғыға қосылмаған болса, фотосуреттер кері жүктеу үшін белгіленеді және сымсыз қосылым келесі рет орнатылғанда кері жүктеледі). Бейнефильмдерді кері жүктеу мүмкін емес; фотосуреттер 2 мегапиксель өлшемімен кері жүктеледі. Кескіндер кері жүктеу үшін таңдалғанда Off (Өшірулі) күйін таңдасаңыз, растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; барлық кескіндерден кері жүктеу белгісін алып тастау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Кері жүктеу таңбасы
Бір уақытта 1000-нан көп емес фотосуретті кері жүктеу үшін белгілеуге болады.
Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) үшін Backup (Сақтық көшірме) таңдалған болса, негізгі ұяшықтағы картадағы көшірме ғана кері жүктеу үшін белгіленеді.
Кері жүктеу үшін белгіленген фотосуреттердің бағаларын өзгерту үшін Bluetooth > Network connection (Желілік байланыс) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Enable (Қосу) күйін таңдау арқылы сымсыз желіні өшіріңіз.