Жаңа фотосуреттер түсірілген кезде оларға авторлық құқық туралы ақпарат қосып отырыңыз. Авторлық құқық туралы ақпаратты NX Studio бағдарламасының Info (Ақпарат) қойындысында көруге болады.
Artist (Фотосуретші): «Мәтін енгізу» бөлімінде сипатталғандай фотосуретшінің атын енгізіңіз (0 Мәтін енгізу). Фотосуретші аттары ең көбі 36 таңбадан тұруы керек.
Copyright (Авторлық құқық): «Мәтін енгізу» бөлімінде сипатталғандай авторлық құқық иесінің атын енгізіңіз (0 Мәтін енгізу). Авторлық құқық иесінің аты ең көбі 54 таңбадан тұруы керек.
Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты тіркеу): авторлық құқық туралы ақпаратты барлық кейінгі фотосуреттерге тіркеу үшін осы параметрді таңдаңыз. Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты қосу) параметрін белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы қосуға және өшіруге болады. Қажет параметрді таңдағаннан кейін шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Copyright Information (Авторлық құқық туралы ақпарат)
Фотосуретшінің немесе авторлық құқық иесінің атының рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін фотокамераны біреуге бере тұру немесе беру алдында Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты қосу) параметрі таңдалмағанын әрі Artist (Фотосуретші) және Copyright (Авторлық құқық) өрістері бос екенін тексеріңіз. Nikon Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) параметрін пайдаланудан туындайтын ешбір зақымдарға немесе дауларға қатысты ешбір жауапкершілік көтермейді.