20 объектив түріне дейін фокусты дәл реттеңіз. Тек қажет кезде пайдаланыңыз; АФ реттеу жағдайлардың көпшілігінде ұсынылмайды және ол қалыпты фокустауға кедергі келтіруі мүмкін. Автоматты түрде дәл реттеу тікелей көріністе қол жетімді (0 АФ автоматты түрде дәл реттеу). Дәл реттеуді жиі пайдаланатын фокустау қашықтығында орындау ұсынылады; мысалы, фокусты реттеуді қысқа фокустау қашықтығында орындасаңыз, ұзынырақ қашықтықтарда оның тиімділігі азырақ екенін анықтауыңыз мүмкін.
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде автофокусқа реттеу қолданылмайды.
Saved Value (Сақталған мән)
Обьективтің әр түрі үшін тек бір ғана мәнді сақтауға болады. Егер телескопиялық түрлендіргіш пайдаланылса, объектив пен телескопиялық түрлендіргіштің әр тіркесімі үшін бөлек мәндерді сақтауға болады.
АФ автоматты түрде дәл реттеу
АФ автоматты түрде дәл реттеу төменде сипатталғандай орындалады.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз және фотокамераның фокустық жазықтығына параллель тегіс, контрасты жоғары нысанға бағыттаңыз. АФ автоматты түрде дәл реттеу максималды апертурада ең жақсы жұмыс істейтінін және қараңғы орталарда жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Тікелей көріністі бастаңыз.
Тікелей көрініс селекторын C күйіне айналдырып, a түймешігін басыңыз.
-
Фокус параметрлерін реттеңіз.
Фокус режимінің ауыстырғышын AF күйіне айналдырыңыз және келесілерді таңдау үшін АФ режимінің түймешігі мен басқару дискілерін пайдаланыңыз:
- Автофокус режимі: AF-S
- АФ аумағының режимі: 5 (кең), 6 (қалыпты) немесе 3 (дәл)
-
Орталық фокустау нүктесін таңдаңыз.
Орталық фокустау нүктесін таңдау үшін мульти селектордың ортасын басыңыз.
-
Фокустаңыз.
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз, содан кейін нысан фокуста екеніне көз жеткізу үшін объективтегі көріністі ұлғайтыңыз. Керек болса, фокусты қолмен реттеуге болады.
-
АФ автоматты түрде дәл реттеуді орындаңыз.
АФ режимі және бейнефильмді жазу түймешіктерін бір уақытта басыңыз және оларды 7-қадамда көрсетілген тілқатысу терезесі көрсетілгенше басып тұрыңыз (бұл екі секундтан азғантай көбірек уақыт алады).
-
Жаңа мәнді сақтаңыз.
Ағымдағы объективтің дәл реттеу мәнін сақталған мәндер тізіміне қосу үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз (тек кірістірілген микропроцессоры бар объективтер). Обьективтің әр түрі үшін тек бір ғана мәнді сақтауға болатынын ескеріңіз.
-
АФ дәл реттеуді қосыңыз.
Фотокамераның баптау мәзірінде AF fine-tune (АФ дәл реттеу) > AF fine-tune (On/Off) (АФ дәл реттеу (қосу/өшіру)) тармағын таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) күйін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.