Фотокамераны әр кадр бойынша бақылағыш АФ арқылы фокустағанда (AF-S), тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде фокус құлыпталғанда, өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде босату таймері кері санап жатқанда, жазудан қорғалған жад картасы салынған кезде ысырманы босату түймешігі басылғанда, айнаны көтеріп фотосурет түсіру кезінде ысырманы босату түймешігі екінші рет басылғанда, даралай суретке түсіру аяқталғанда немесе пернетақтамен енгізу үшін сенсорлық экран пайдаланылғанда шығатын дыбыстық сигналдың жоғарылығын және дыбыс деңгейін таңдаңыз (0 Мәтін енгізу). Таңдалған параметрге қарамастан, бейнефильм режимінде немесе ысырманы тыныш босату режимдерінде (Q және Qc режимдері), я болмаса Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру) үшін Off (Өшірулі) дегеннен басқа параметр таңдалғанда дыбыстық сигнал шықпайтынын ескеріңіз (0 Silent Live View Photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)). a2 (AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау), 0 a2: AF-S Priority Selection (AF-S басымдығын таңдау)) қолданушы параметрі үшін Release (Босату) мәні таңдалған болса, фотокамера әр кадр бойынша бақылағыш АФ арқылы фокусталғанда дыбыстық сигнал шықпайды.
Beep On/Off (Дыбыстық сигнал қосулы/өшірулі)
Фотокамера сенсорлық басқару экранының басқару элементтеріне жауап ретінде шығаратын дыбыстарды өшіру үшін Off (touch controls only) (Өшіру (тек сенсорлық басқару элементтері)) параметрін таңдаңыз немесе дыбыстық сигналдардың шығуын мүлде болдырмау үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз. Off (Өшірулі) дегеннен басқа параметр таңдалған болса, ақпараттық дисплейде c көрсетіледі.
Volume (Дыбыс деңгейі)
Дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін реттеңіз.
Pitch (Жоғарылық)
High (Жоғары) және Low (Төмен) арасынан дыбыстық сигналдың жоғарылығын таңдаңыз.