Бұл параметр жарқылды синхрондау жылдамдығын басқарады.
Ысырма жылдамдығын жарқылды синхрондау жылдамдығы шегінде бекіту
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде немесе қолмен реттелетін экспозиция режимінде ысырма жылдамдығын синхрондау жылдамдығы шегінде бекіту үшін ең баяу мүмкін ысырма жылдамдығынан кейінгі келесі ысырма жылдамдығын таңдаңыз (30 с немесе %). Көріністапқышта және басқару панелінде X (жарқылды синхрондау индикаторы) және жарқылды синхрондау жылдамдығы көрсетіледі.
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау фотокамера қолдайтын ең жоғары ысырма жылдамығында жарқылды пайдалануды мүмкін етіп, тіпті қатты күн жарығы нысанның артқы жағын жарықтандырып тұрса да, түсірілетін кеңістік тереңдігін азайту үшін максималды апертураны таңдауға мүмкіндік береді. Ақпараттық дисплейдің жарқыл режимінің индикаторы ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау белсенді кезде «FP» жазуын көрсетеді.