Фотосуреттердің ISO сезімталдық параметрлерін реттеңіз.
Параметр | Сипаттама |
---|---|
ISO sensitivity (ISO сезімталдық) | ISO сезімталдығын реттеу. ISO 64 және 25600 арасындағы (немесе Z 6 жағдайында ISO 100 және ISO 51200 арасындағы) мәндерден таңдаңыз. Сондай-ақ, ерекше жағдайлар үшін бұл мәндерден шамамен 0,3–1 ЭМ төмен және ең жоғары мәндерден 0,3–2 ЭМ жоғары параметрлер қолжетімді. b режимі Auto (Автоматты) қосымша параметрін ұсынады. |
Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты басқару) |
On (Қосулы) күйі таңдалған болса, ISO sensitivity (ISO сезімталдық) үшін таңдалған мәнде оңтайлы экспозицияға жету мүмкін емес болса, фотокамера ISO сезімталдықты автоматты түрде реттейді. ISO сезімталдықты автоматты басқаруды дәл реттеу үшін төменде тізілген параметрлер қолжетімді.
|
«Minimum Shutter Speed (Минималды ысырма жылдамдығы)» > «Auto (Автоматты)»
Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты басқару) > Minimum shutter speed (Минималды ысырма жылдамдығы) үшін Auto (Автоматты) мәні таңдалған болса, фотокамера минималды ысырма жылдамдығын объективтің фокустық қашықтығының негізінде таңдайды. Мысалы, фотокамера әдетте телефото объективтерде орын алатын бұлдыратуды азайту үшін жылдам минималды ысырма жылдамдықтарын автоматты түрде таңдайды.
Ысырма жылдамдығын автоматты таңдауды Auto (Автоматты) мәнін белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы тезірек немесе баяуырақ минималды мәндерге дәл реттеуге болады; жылдам қозғалатын нысандарды фотосуретке түсіргенде жылдам минималды ысырма жылдамдықтарын таңдау бұлдыратуды азайтады.
Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін таңдалған ISO сезімталдықта оңтайлы экспозицияға жету мүмкін болмаса, ысырма жылдамдықтары таңдалған минималды мәннен төмен түсуі мүмкін.