Пейзаждарды және басқа қозғалмайтын нысандарды суретке түсіргенде ысырма тудыратын дірілдерді азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (0 Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)). Штативті пайдалану ұсынылады. d5 (Shutter type (Ысырма түрі)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, суреттер электрондық ысырманы пайдаланып түсіріледі. Баптау мәзірінде Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) үшін таңдалған параметрге қарамастан, фотокамера фокустағанда немесе өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санап жатқанда дыбыстық сигнал шықпайды әрі жарқыл да, ұзақ экспозиция кезінде бұрмалануды азайту да өшіріледі. Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде кадрдың ілгерілеу жылдамдығы өзгереді (0 Кадрдың ілгерілеу жылдамдығы).