Ақ түс балансын реттеу. Қосымша ақпаратты «Негізгі параметрлер» (0White Balance (Ақ түс балансы)) және «i мәзірі» (0 White balance (Ақ түс балансы)) ішіндегі «Ақ түс балансы» бөлімдерінде қараңыз.

Ақ түс балансы мәзірі: дәл реттеу

Дәл реттеу фотокамера мәзірлері арқылы қолжетімді. Дәл реттеу туралы қосымша ақпаратты «Ақ түс балансын дәл реттеу» (0 Ақ түс балансын дәл реттеу) бөлімінде қараңыз. Алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансын дәл реттеу туралы ақпаратты «Алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансын дәл реттеу» (0 Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу) бөлімінде қараңыз.

  1. Дәл реттеу параметрлерін көрсетіңіз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметріне өтіңіз, ақ түс балансы параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.

  2. Ақ түс балансын дәл реттеңіз.

    Ақ түс балансын дəл реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Ақ түс балансын сары (A) – көк (B) білігінде 0,5 қадамдарымен жəне жасыл (G) – қою қызыл (M) білігінде 0,25 қадамдарымен дəл реттеуге болады. Көлденең (A сары – B көк) ось түс температурасына сəйкес келеді, ал тік (G жасыл – M қою қызыл) осьтің əсерлері сəйкес түс түзетілімі (CC) сүзгілерінікіне ұқсас. Көлденең білік шамамен 5 майредке тең қадамдармен, тік білік шамамен 0,05 диффузиялық тығыздық бірліктерінің қадамдарымен белгіленген.

    Координаттар

    Реттеу

  3. Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.

    J түймешігін басып параметрлерді сақтаңыз, сөйтіп фотосурет түсіру мәзіріне оралыңыз. Ақ түс балансы дәл реттелсе, түсіру режимінің дисплейіндегі ақ түс балансы белгішесінің жанында жұлдызша («U») көрінеді.

Ақ түс балансын дәл реттеу

Дәл реттеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді. Мысалы, ақ түс балансы үшін J (Incandescent (Қызу бөлетін шам)) сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске жылжыту фотосуреттерді азғантай «суықтау» етеді, бірақ шын мәнінде оларды көк етпейді.

«Майред»

Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғары түс температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K өзгерісі түсте 6000 K мәнімен салыстырғанда 3000 K мәнінде әлдеқайда үлкенірек өзгеріске әкеледі. Түс температурасының инверсиясын 106 көбейту арқылы есептелетін майред — осындай құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік болып табылады. Мысалы:

  • 4000 K–3000 K (айырмашылық: 1000 K) = 83 майред
  • 7000 K-6000 K (айырмашылық: 1000 K) = 24 майред

Ақ түс балансы мәзірі: түс температурасын таңдау

Түс температурасын фотосурет түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) > Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) параметрін пайдаланып таңдауға болады. Сары–көк және жасыл–қою қызыл біліктердің мәндерін төменде сипатталғандай енгізіңіз.

  1. Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметріне өтіңіз, Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.

  2. Сары–көк және жасыл–қою қызыл үшін мәндерді таңдаңыз.

    A сары – B көк немесе G жасыл – M қою қызыл осінде цифрларды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз жəне өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.

    A сары – B көк немесе мəні

    Мына осьтің мəні: G жасыл –M қою қызыл

  3. Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.

    J түймешігін басып параметрлерді сақтаңыз, сөйтіп фотосурет түсіру мəзіріне оралыңыз. G жасыл – M қою қызыл осі үшін нөлден басқа мəн таңдалса, түсіру режимінің дисплейіндегі ақ түс балансы белгішесінің жанында жұлдызша («U») көрінеді.

Choose Color Temperature (Түс температурасын таңдау)

Флюоресцентті жарықтандыру арқылы қалаған нәтижелер алынбайтынын ескеріңіз. Флюоресцентті жарық көздері үшін I (Fluorescent (Флюоресцентті)) мәнін таңдаңыз. Басқа жарық көздерінде таңдалған мән тиісті екенін анықтау үшін сынақ түсірілім жасаңыз.

Алдын-ала қолмен енгізілген мән: ақ түс балансын фотосуреттен көшіру

Ақ түс балансы мәзіріндегі Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін бар фотосуреттен ақ түс балансының мәнін көшіру үшін пайдалануға болады. Алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансы туралы ақпаратты «Алдын-ала қолмен енгізілген мән» (0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) бөлімінде қараңыз.

  1. Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) тармағына өтіңіз, Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Межелі орынды таңдаңыз.

    Мақсатты алдын-ала енгізілген мәнді (d-1 және d-6 аралығында) белгілеп, X түймешігін басыңыз.

  3. Select image (Кескін таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    Алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансының мәзірі көрсетіледі; Select image (Кескінді таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  4. Бастапқы кескінді белгілеңіз.

    Бастапқы кескінді белгілеңіз. Белгіленген кескінді толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.

  5. Ақ түс балансын көшіріңіз.

    J түймешігін басып белгіленген фотосуреттің ақ түс балансы мәнін таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшіріңіз. Белгіленген фотосуреттің түсіндірмесі бар болса, ол таңдалған алдын-ала енгізілген мәннің түсіндірмесіне көшіріледі.

Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу

Ағымдағы алдын-ала енгізілген мəнді алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансы мəзірінде Fine-tune (Дəл реттеу) пəрменін таңдау жəне ақ түс балансын «Ақ түс балансы мəзірі: дəл реттеу» (0 Ақ түс балансы мəзірі: дəл реттеу) бөлімінде сипатталғандай реттеу арқылы дəл реттеуге болады.

Edit Comment (Аңғартпаны өңдеу)

Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні үшін 36 таңбаға дейінгі сипаттағыш аңғартпаны енгізу үшін алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансы мәзірінде Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) пәрменін таңдаңыз.

Protect (Қорғау)

Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін қорғау үшін алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансының мәзірінде Protect (Қорғау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) күйін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Қорғалған алдын-ала енгізілген мәндерді өзгерту мүмкін емес және Fine-tune (Дәл реттеу) және Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) параметрлерін пайдалану мүмкін емес.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)