Жаңа фотосуреттер қалай өңделетінін таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Picture Control режимін орнату» (0 Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)) бөлімінде қараңыз.
Picture Control режимін орнату: Picture Control режимдерін өзгерту
Бар алдын-ала енгізілген және қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін көрініске немесе пайдаланушының жасампаз мақсатына сәйкес келетін етіп өзгертуге болады.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Керекті Picture Control режимін Picture Control тізімінде белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Параметрлерді реттеңіз.
Қажетті параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және 1 артуларымен мәнді таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, я болмаса, 0,25 артуларымен мәнді таңдау үшін қосымша басқару дискін бұраңыз (қолжетімді параметрлер таңдалған Picture Control режиміне қарай өзгеріп отырады). Теңгерілген Sharpening (Анық ету), Mid-range sharpening (Орташа ауқымды анық ету) және Clarity (Анықтық) үшін деңгейлерді жылдам реттеу үшін Quick sharp (Жылдам анық ету) пәрменін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Бұл қадамды барлық параметрлер реттелгенше қайталаңыз. Әдепкі параметрлерді O түймешігін басып қалпына келтіруге болады.
-
Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.
Өзгертулерді сақтап, Picture Control режимдерінің тізіміне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері
Бар Picture Control режимдеріне енгізілген өзгертулерді фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) параметрін пайдаланып, қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері ретінде сақтауға болады. Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін жад картасына көшіруге және үйлесімді бағдарламалық жасақтамада пайдалануға немесе үлгісі бірдей фотокамералар арасында бөлісуге болады.
Picture Control режимдерін i мәзірінен өзгерту әсерді дисплейде алдын-ала қарауға мүмкіндік береді. i мәзірінде Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз, содан кейін Picture Control режимін таңдау үшін 4 және 2 түймешіктерін басыңыз және Picture Control параметрлерін көрсету үшін 3 түймешігін басыңыз.