Екіден онға дейін NEF (RAW) экспозициясын бір фотосурет ретінде жазыңыз. Мына параметрлер қолжетімді:

  • Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі): On (series) (Қосулы (қатар)) (бірнеше экспозиция қатарын түсіру, Off (Өшірулі) күйі таңдалғанда аяқтау), On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) (бір бірнеше экспозицияны түсіру) немесе Off (Өшірулі) (қосымша бірнеше экспозицияларды жасаусыз шығу).
  • Number of shots (Түсірілімдер саны): бір фотосуретті құру үшін біріктірілетін экспозициялар санын таңдаңыз.
  • Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі): Төмендегі параметрлерден таңдаңыз.

    • Add (Қосу): экспозициялар өзгертусіз үстіне қабатталады; күшею реттелмейді.
    • Average (Орташа): экспозицияларды үстіне қабаттау алдында әрбірінің күшеюі экскозициялардың жалпы санына бөлінеді (әр экспозицияның күшеюі 2 экспозиция үшін 1/2 мәніне, 3 экспозиция үшін 1/3 мәніне, т.с.с. орнатылады).
    • Lighten (Ашығырақ ету): фотокамера әр экспозициядағы нүктелерді салыстырады және тек ең жарықтарын пайдаланады.

      +

    • Darken (Күңгірт ету): фотокамера әр экспозициядағы нүктелерді салыстырады және тек ең күңгірттерін пайдаланады.

      +

  • Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау): әрбір бірнеше экспозицияны құрайтын жекелеген түсірілімдерді сақтау үшін On (Қосулы) күйін, жекелеген түсірілімдерді жою және тек бірнеше экспозицияны сақтау үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
  • Overlay shooting (Үстіне қабаттау арқылы суретке түсіру): On (Қосулы) күйі таңдалған болса, суретке түсіру кезінде бұрынғы экспозициялар объективтегі көрініс үстіне салынады.
  • Select first exposure (NEF) (Бірінші экспозицияны таңдау (NEF)): жад картасындағы NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерден бірінші экспозицияны таңдау.

Бірнеше экспозиция жасау

Бірнеше экспозицияны түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Режимді таңдаңыз.

    Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

    On (series) (Қосулы (қатар)) немесе On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) мәні таңдалған болса, дисплейде белгіше көрінеді.

  3. Түсірілімдер санын таңдаңыз

    Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. 1 немесе 3 түймешігін басып жалғыз фотосурет жасау үшін біріктірілетін экспозициялар санын таңдаңыз да, J түймешігін басыңыз.

  4. Үстіне қабаттау режимін таңдаңыз.

    Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  5. Жекелеген экспозицияларды сақтау-сақтамауды таңдаңыз.

    Бірнеше экспозицияны құрайтын жекелеген түсірілімдерді сақтау немесе жоюды таңдау үшін Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған параметрді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  6. Орындалу барысын дисплейде көру-көрмеуді таңдаңыз.

    Суретке түсірудің орындалу барысында бұрынғы экспозициялар объективтегі көрініс үстіне салынатын-салынбайтынын таңдау үшін Overlay shooting (Үстіне қабаттау арқылы түсіру) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған параметрді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  7. Бірінші экспозицияны таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Image size (Кескін өлшемі) > NEF (RAW) үшін Large (Үлкен) мәні таңдалп түсірілген бар фотосуреттерден бірінші экспозицияны таңдау үшін Select first exposure (NEF) (Бірінші экспозицияны таңдау (NEF)) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Қалаған кескінді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз (белгіленген кескінді толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз).

  8. Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.

    Суретке түсіруді барлық экспозициялар түсірілгенше және түпкілікті фотосурет жазылғанша жалғастырыңыз (7-қадамда бірінші кескін ретінде бар NEF (RAW) пішіміндегі кескінді таңдасаңыз, суретке түсіру екінші экспозициядан басталады). 2-қадамда On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалса, бірнеше экспозицияны түсіру фотосурет жазылғанда аяқталады; олай болмаса, бірнеше экспозицияны түсіру өшірілгенше бірнеше экспозицияларды түсіруді жалғастыра аласыз.

Суретке түсіру режимі

Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фотокамера барлық экспозицияларды бір қатарда түсіреді. On (series) (Қосулы (қатар)) параметрі таңдалған болса, әрбір алдыңғы бірнеше экспозиция аяқталғанда жаңа бірнеше экспозиция басталады; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалған болса, бірнеше экспозицияны түсіру бірінші бірнеше экспозиция жазылғаннан кейін аяқталады. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде фотокамера c2 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, 3-қадамда таңдалған экспозициялар санын автоматты түрде жазады; дегенмен түсірілімдер арасындағы аралықты c2 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Interval between shots (Түсірілімдер арасындағы аралық) қолданушы параметрі басқарады. Басқа суретке түсіру режимдерінде ысырманы босату түймешігін басқан сайын бір фотосурет түсіріледі; барлық экспозициялар жазылғанша суретке түсіруді жалғастырыңыз.

Кескін сапасы

Кескін сапасы үшін NEF (RAW) параметрі таңдалып түсірілген бірнеше экспозициялар JPEG сапалыm пішімінде жазылады.

i мәзірі

Бірнеше экспозицияны түсіру кезінде төменде тізілген параметрлерге K түймешігін, содан кейін i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Элементтерді белгілеңіз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  • View progress (Орындалу барысын көру): ағымдағы сәтке дейін жазылған экспозициялардан жазылған алдын-ала қарауды көру.
  • Retake last exposure (Соңғы экспозицияны қайта түсіру): соңғы экспозицияны қайта түсіру.
  • Save and exit (Сақтау және шығу): ағымдағы сәтке дейін түсірілген экспозициялардан бірнеше экспозицияны жасау.
  • Discard and exit (Бас тарту және шығу): бірнеше экспозицияны жазусыз шығу. Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, жекелеген экспозициялар сақталады.

Бірнеше экспозиция

Сондай-ақ суретке түсіру фотокамера параметрлері экспозиция аяқталмай тұрып өзгертілсе аяқталуы мүмкін. Бірнеше экспозиция фотосуреттері үшін суретке түсіру параметрлері және фотосурет туралы мәлімет бірінші экспозицияныкімен бірдей болады.

Бірнеше экспозиция жазу барысында жад картасын суырмаңыз немесе ауыстырмаңыз.

Бірнеше экспозицияға бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Басқа параметрлер

Бірнеше экспозиция түсіріліп жатқанда жад карталарын пішімдеу мүмкін емес және кейбір мәзір элементтері сұр түспен көрсетіледі және оларды өзгерту мүмкін болмайды.

Бірнеше экспозицияларды аяқтау

Көрсетілген экспозициялар саны түсірілмей тұрып бірнеше экспозицияны аяқтау үшін Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз немесе K түймешігін, содан кейін i түймешігін басыңыз және Save and exit (Сақтау және шығу) немесе Discard and exit (Бас тарту және шығу) параметрін таңдаңыз. Суретке түсіру аяқталса немесе көрсетілген экспозициялар саны түсірілмей тұрып Save and exit (Сақтау және шығу) пәрменін таңдасаңыз, бірнеше экспозиция сол кезге дейін жазылған экспозициялардан жасалады. Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) үшін Average (Орташа) таңдалған болса, күшею нақты жазылған экспозициялар санын қамту үшін реттеледі. Күту режимінің таймерінің мерзімі бітсе, суретке түсіру автоматты түрде аяқталатынын ескеріңіз.

Күту режимінің таймері

Мәзірлерді және ойнатуды экспозициялар арасында пайдалануға болады, бірақ ойнату кезінде шамамен 40 секунд бойы немесе мәзірлер көрсетіліп тұрғанда шамамен 90 секунд бойы әрекеттер орындалмаса, суретке түсіру аяқталатынын және бірнеше экспозиция сол сәтке дейін жазылған экспозициялардан жасалатынын ескеріңіз. Келесі экспозицияны жазу үшін қолжетімді уақытты c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)) > Playback (Ойнату) қолданушы параметрі және Menus (Мәзірлер) үшін ұзағырақ уақыттарды таңдау арқылы ұзартуға болады.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)