AF-C фокустау режимінде нысан мен фотокамера арасында бірдеңе өткенде фокус қаншалықты тез жауап беретінін таңдаңыз. 5 (Delayed (Кешіктірілген)) және 1 (Quick (Жылдам)) арасындағы мәндерден таңдаңыз. Мән неғұрлым жоғарырақ болса, жауап соғұрлым баяуырақ болады және бастапқы нысандағы фокусты жоғалту ықтималдығы соғұрлым азырақ болады. Мән неғұрлым төменірек болса, жауап соғұрлым жылдамырақ болады және көру аяңыздан өтетін нысандарға фокусты жылжыту соғұрлым оңайырақ болады. АФ аумағының режимі ретінде АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалғанда 2 және 1 (Quick (Жылдам)) мәндері 3 мәніне баламалы екенін ескеріңіз.