Фотосурет режимінде келесі басқару элементтеріне тағайындалған функцияларды (жеке-жеке немесе басқару дискілерімен бірге пайдаланылса) таңдау үшін қажетті параметрді белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.

w Fn1 түймешігі
y Fn2 түймешігі
V AF-ON түймешігі
7 Қосымша селектор
8 Қосымша селектордың ортасы
z Бейнефильм жазу түймешігі
S Объективтің Fn түймешігі
3 Объективтің Fn2 түймешігі
l Объективті басқару сақинасы

Бұл басқару тетіктеріне тағайындауға болатын рөлдер келесідей:

Параметр w y V 7 8 z S 3 l
K Select center focus point (Орталық фокустау нүктесін таңдау)
A AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ)
F AF lock only (Тек АФ құлпы)
E AE lock (Hold) (АЭ құлпы (ұстау))
D AE lock (Reset on release) (АЭ құлпы (босатқанда қалпына келтіру))
C AE lock only (Тек АЭ құлпы)
B AE/AF lock (АЭ/АФ құлпы)
r FV lock (Жарқыл қуатының құлпы)
h cDisable/enable (cӨшіру/қосу)
q Preview (Алдын ала қарау)
L Matrix metering (Матрицалық өлшем)
M Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу)
N Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш)
t Highlight-weighted metering (Бөлектенгені бойынша өлшеу)
1 Bracketing burst (Қатарынан түсіру брекетингі)
c Sync. release selection (Синхрондалған босатуды таңдау)
4 + NEF (RAW)
n Subject tracking (Нысанды бақылау)
b Framing grid display (Жақтауға алу торын көрсету)
p Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру)
O MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ)
3 Access top item in MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ ішіндегі жоғарғы элементке қатынасу)
K Playback (Ойнату)
g Protect (Қорғау)
J Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
8 Image quality/size (Кескін сапасы/өлшемі)
m White balance (Ақ түс балансы)
h Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
y Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
w Metering (Өлшеу)
I/Y Flash mode/compensation (Жарқыл режимі/түзетілімі)
z Focus mode/AF-area mode (Фокустау режимі/АФ аумағының режимі)
t Auto bracketing (Автоматты брекетинг)
$ Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
2 HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым))
z Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)
$ Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы)
W Peaking highlights (Фокусты көрсететін белгіленген тұстар)
c Rating (Бағалау)
w Choose non-CPU lens number (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив нөмірін таңдау)
Y Same as multi selector (Мульти селектормен бірдей)
x Focus point selection (Фокустау нүктесін таңдау)
X Focus (M/A) (Фокустау (Қ/А)) 1, 2
q Aperture (Апертура) 2
E Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) 2
9 ISO sensitivity (ISO сезімталдық) 2
  None (Жоқ) 2

Тек үйлесімді объективтерде қолжетімді.

Таңдалған параметрге қарамастан, қолмен реттелетін фокус режимінде басқару сақинасын тек фокусты реттеу үшін пайдалануға болады.

Мына параметрлер қолжетімді:

Параметр Сипаттама
K Select center focus point (Орталық фокустау нүктесін таңдау) Басқару тетігін басу орталық фокустау нүктесін таңдайды.
A AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ) Бұл басқару тетігін басу автофокусты іске қосады.
F AF lock only (Тек АФ құлпы) Бұл басқару тетігі басылып тұрғанда фокустау құлыпталады.
E AE lock (Hold) (АЭ құлпы (ұстау)) Басқару тетігі басылған кезде экспозиция құлыпталады және басқару тетігі екінші рет басылғанға немесе күту режимінің таймері аяқталғанға дейін құлыптаулы болады.
D AE lock (Reset on release) (АЭ құлпы (босатқанда қалпына келтіру)) Басқару тетігін басылған кезде экспозиция құлыпталады және басқару тетігі екінші рет басылғанға дейін, ысырма босатылғанға дейін немесе күту режимінің таймері аяқталғанға дейін құлыптаулы болады.
C AE lock only (Тек АЭ құлпы) Басқару тетігі басылған кезде экспозиция құлыпталады.
B AE/AF lock (АЭ/АФ құлпы) Бұл басқару тетігі басылып тұрғанда фокус және экспозиция құлыпталады.
r FV lock (Жарқыл қуатының құлпы) Бұл басқару тетігін қосымша жарқыл бөліктері үшін жарқыл мәнін құлыптау үшін басыңыз. Жарқыл қуатының құлпын болдырмау үшін қайтадан басыңыз.
h cDisable/enable (cӨшіру/қосу) Қазіргі уақытта жарқыл өшірулі болса, алдыңғы пердемен синхрондау басқару тетігі басылып тұрғанда таңдалады. Егер жарқыл қазіргі уақытта қосылған болса, ол басқару тетігі басылып тұрғанда ажыратылады.
q Preview (Алдын ала қарау) Түсті, экспозицияны және анық түсірілетін кеңістік тереңдігін алдын ала қарау үшін басқару тетігін басып тұрыңыз.
L Matrix metering (Матрицалық өлшем) Матрицалық өлшем басқару тетігі басылып тұрғанда белсендіріледі.
M Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу) Ортасы бойынша өлшеу басқару тетігі басылып тұрғанда белсендіріледі.
N Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш) Нүктелі экспоөлшегіш басқару тетігі басылып тұрғанда белсендіріледі.
t Highlight-weighted metering (Бөлектенгені бойынша өлшеу) Бөлектенгені бойынша өлшеу басқару тетігі басылып тұрғанда белсендіріледі.
1 Bracketing burst (Қатарынан түсіру брекетингі) Әр кадр бойынша режимінде экспозиция, жарқыл немесе ADL брекетингі белсенді кезде басқару тетігін басса, ағымдағы брекетинг бағдарламасындағы бүкіл кадрлар ысырманы босату түймешігін басқан сайын түсіріледі. Ақ түс балансы брекетингі белсенді болса немесе үздіксіз суретке түсіру режимі таңдалса, ысырманы босату түймешігін басып тұрғанда фотокамера брекетинг қатарынан түсіру режимін қайталайды.
c Sync. release selection (Синхрондалған босатуды таңдау)

Қосымша сымсыз қашықтан басқару бөлігі қосылған болса, бұл басқару тетігін қашықтан босату және негізгі немесе синхрондалған босату арасында ажырата қосу үшін пайдалануға болады. Қол жетімді параметрлер d3 (Sync. release mode options (Синхрондалған суретке түсіру режимінің параметрлері)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге байланысты:

  • Sync (Синхрондау) параметрі таңдалса, Master release only (Тек негізгі босату) (тек негізгі фотокамерамен суреттер түсіру үшін басқару тетігін басып тұрыңыз) және Remote release only (Тек қашықтан босату) (тек қашықтағы фотокамералармен суреттер түсіру үшін басқару тетігін басып тұрыңыз) арасынан таңдауға болады.
  • No sync (Синхрондамау) таңдалған болса, Synchronized release (Синхрондалған босату) (негізгі және қашықтағы фотокамераларда босатуларды синхрондау үшін басқару тетігін басып тұрыңыз) және Remote release only (Тек қашықтан босату) (тек қашықтағы фотокамералармен суреттер түсіру үшін басқару тетігін басып тұрыңыз) арасынан таңдауға болады.
4 + NEF (RAW) Егер қазіргі уақытта кескін сапасы үшін JPEG параметрі таңдалған болса, «RAW» жазуы көрсетіледі және басқару тетігін басқаннан кейін түсірілген келесі суретпен бірге NEF (RAW) пішіміндегі көшірме жазылады (бастапқы кескін сапасының параметрі саусақты ысырманы босату түймешігінен алғанда қалпына келеді). Фотосурет түсіру мәзірінде қазіргі уақытта NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) және Image size (Кескін өлшемі) > NEF (RAW) үшін таңдалған параметрлермен NEF (RAW) пішіміндегі көшірмелер жазылады. NEF (RAW) пішіміндегі көшірмені жазбай шығу үшін басқару тетігін қайта басыңыз.
n Subject tracking (Нысанды бақылау) АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінде бұл басқару элементін басу нысанды бақылауды қосады; фокустау нүктесі көздеу торына және монитор нысанды бақылау дисплейіне өзгереді. Нысанды бақылағыш АФ режимін аяқтау үшін осы басқару элементін қайтадан басыңыз немесе W (Q) түймешігін басыңыз.
b Framing grid display (Жақтауға алу торын көрсету) Бұл басқару тетігін жақтауға алу торын қосу немесе өшіру үшін басыңыз.
p Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) Бұл басқару тетігін ағымдағы фокустау нүктесінің айналасындағы аумақта дисплейді ұлғайту үшін басыңыз. Кішірейту үшін бұл басқару тетігін қайтадан басыңыз.
O MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ) Бұл басқару тетігін басқанда «MY MENU (МЕНІҢ МƏЗІРІМ)» көрсетіледі.
3 Access top item in MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ ішіндегі жоғарғы элементке қатынасу) Бұл басқару тетігін «MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ)» ішінде жоғарғы элементке өту үшін басыңыз. Бұл параметрді жиі пайдаланылатын мәзір элементіне жылдам қатынасу үшін таңдаңыз.
K Playback (Ойнату) Бұл басқару тетігін ойнатуды бастау үшін басыңыз.
g Protect (Қорғау) Бұл басқару тетігін ойнату кезінде ағымдағы суретті қорғау үшін басыңыз.
J Choose image area (Кескін аумағын таңдау) Кескін аумағын таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
8 Image quality/size (Кескін сапасы/өлшемі) Осы басқару тетігін басып, кескін сапасы параметрін таңдау үшін басты басқару дискін және кескін өлшемін таңдау үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
m White balance (Ақ түс балансы) Ақ түс балансын таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басты басқару дискін айналдырыңыз (кейбір жағдайларда ішкі параметрді қосымша басқару дискін пайдаланып таңдауға болады).
h Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Picture Control режимін таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
y Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Қосылған D-Lighting параметрін реттеу үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
w Metering (Өлшеу) Өлшеу параметрін таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
I/Y Flash mode/compensation (Жарқыл режимі/түзетілімі) Осы басқару тетігін басып, жарқыл режимін таңдау үшін басты басқару дискін және жарқыл шығысын реттеу үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
z Focus mode/AF-area mode (Фокустау режимі/АФ аумағының режимі) Фокустау және АФ аумағының режимдерін таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басты және қосымша басқару дискілерін айналдырыңыз.
t Auto bracketing (Автоматты брекетинг) Осы басқару тетігін басып, түсірілімдер санын таңдау үшін басты басқару дискін және брекетинг қадамын немесе Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) мөлшерін таңдау үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
$ Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) Осы басқару тетігін басып, режимді таңдау үшін негізгі басқару дискін және түсірілімдер санын таңдау үшін қосымша басқару дискін бұраңыз.
2 HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Осы басқару тетігін басып, режимді таңдау үшін басты басқару дискін және экспозиция айырмашылығын таңдау үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
z Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі) ысырманы кешіктіріп босатуды таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
$ Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы) S және M режимдерінде ысырма жылдамдығын құлыптау үшін осы басқару тетігін басыңыз және басты басқару дискін айналдырыңыз; A және M режимдерінде апертураны құлыптау үшін осы басқару тетігін басыңыз және қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
W Peaking highlights (Фокусты көрсететін белгіленген тұстар) Осы басқару тетігін басып, фокусты көрсету деңгейін таңдау үшін басты басқару дискін және фокусты көрсету түсін таңдау үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз.
c Rating (Бағалау) Ойнату кезінде ағымдағы суретке баға беру үшін басқару тетігін басып, негізгі басқару дискін айналдырыңыз.
w Choose non-CPU lens number (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив нөмірін таңдау) Баптау мәізрінде Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) параметрін пайдаланып сақталған объектив нөмірін таңдау үшін осы басқару тетігін басып, басқару дискін айналдырыңыз.
Y Same as multi selector (Мульти селектормен бірдей) Суретке түсіру немесе ойнату кезінде қосымша селекторды жоғары, төмен, солға және оңға басудың әсері мульти селекторда 1, 3, 4 және 2 түймешіктерін басумен бірдей болады. Масштабтау кезінде қосымша селектор ойнайтын рөлді таңдау үшін Same as multi selector (Мульти селектормен бірдей) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Scroll (Жүгірту) (дисплейді жүгірту) және Display next/previous frame (Келесі/алдыңғы кадрды көрсету) арасынан таңдаңыз (басқа фотосуреттерді бірдей масштабтау арақатынасымен көру).
x Focus point selection (Фокустау нүктесін таңдау) Бұл басқару тетігін фокустау нүктесін таңдау үшін пайдаланыңыз. Ойнату кезінде бұл басқару тетігін пайдалану ойнатуды аяқтайды және фокустау нүктесін таңдауды қосады.
X Focus (M/A) (Фокустау (Қ/А)) Автофокусты ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда басқару сақинасын айналдыру арқылы қосымша реттеуге болады (қолмен қосымша реттеуге болатын автофокустау). Автофокусты пайдаланып қайта фокустау үшін ысырманы босату түймешігінен саусақты көтеріңіз, содан кейін оны қайтадан жартылай басыңыз.
q Aperture (Апертура) Бұл басқару тетігін апертураны реттеу үшін пайдаланыңыз.
E Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) Бұл басқару тетігін экспозиция түзетілімін реттеу үшін пайдаланыңыз.
9 ISO sensitivity (ISO сезімталдық) ISO сезімталдықты реттеу үшін басқару элементін пайдаланыңыз.
  None (Жоқ) Бұл басқару тетігінің әсері жоқ.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Бейнефильм