Белгіленген тұстарды (кадрдың жарық аумақтарын) көрсету үшін көлеңкелеу пайдаланылатын-пайдаланылмайтынын таңдаңыз және белгіленген тұсты көрсетуді іске қосу үшін қажетті жарықтық деңгейін таңдаңыз.
-
Display pattern (Көрсету үлгісі): белгіленген тұсты көрсетуді қосу үшін Pattern 1 (1-үлгі) немесе Pattern 2 (2-үлгі) параметрін таңдаңыз.
1-үлгі 2-үлгі - Highlight display threshold (Белгіленген тұсты көрсету шегі): бейнефильмнің белгіленген тұсты көрсетуін іске қосу үшін қажет жарықтықты таңдау. Бұл мән неғұрлым төменірек болса, белгіленген тұстар ретінде көрсетілетін жарықтықтардың ауқымы соғұрлым үлкенірек болады. 255 мәні таңдалса, белгіленген тұстар дисплейі тек жарық көзінде артық ұсталған болуы мүмкін аумақтарда көрсетіледі.
Highlight Display (Белгіленген тұстар дислейі)
Белгіленген тұстар дисплейі де, белгіленген тұстардың контрастын арттыру да қосулы болса, қолмен реттелетін фокус режимінде тек белгіленген тұстардың контрастын арттыру көрсетіледі. Белгіленген тұстар дисплейін көру үшін d10 (Peaking highlights (Белгіленген тұстардың контрастын арттыру)) > Peaking level (Контрастты арттыру деңгейі) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.