Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін пайдалануға болатынын (Shutter/AF-ON (Ысырма/АФ-ҚОСУЛЫ)), я болмаса фокусты тек AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ) түймешігін немесе AF-ON тағайындалған басқа басқару элементтерін пайдаланып (AF-ON only (Тек АФ-ҚОСУЛЫ)) реттеуге болатынын таңдаңыз.
Out-of-focus release (Фокусталмаған кезде босату)
Тіпті әдетте өшірулі болатын жағдайларда да ысырманы босатуға болатын-болмайтынын таңдау үшін a7 (AF activation (АФ іске қосу)) параметрін таңдаңыз, AF-ON only (Тек АФ-ҚОСУЛЫ) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Enable (Қосу) мәнін таңдау ысырманы кез келген уақытта босатуға мүмкіндік береді.
Параметр | Сипаттама |
---|---|
Enable (Қосу) | Ысырманы босату қосылған. |
Disable (Өшіру) | Ысырманы босату өшірілген. |