Экспозиция түзетілімі үшін E түймешігі қажет пе, соны таңдаңыз.
- On (auto reset) (Қосулы (автоматты қалпына келтіру)): P, S және A режимдерінде экспозиция түзетілімін қазіргі уақытта ысырма жылдамдығы немесе апертура үшін пайдаланылып жатпаған басқару дискін айналдыру арқылы орнатуға болады (M режимінде оңай экспозиция түзетілімі қолжетімді емес). Басқару дискісін пайдаланып таңдалған параметр фотокамера өшкенде немесе күту режимінің таймері біткенде қалпына келтіріледі (E түймешігін пайдаланып таңдалған экспозиция түзетілімінің параметрлері қалпына келтірілмейді).
- On (Қосулы): жоғарыда айтылғандай, тек фотокамера өшкенде немесе күту режимінің таймері біткенде басқару дискісін пайдаланып таңдалған экспозиция түзетілімінің мәні қалпына келтірілмейді.
- Off (Өшірулі): экспозиция түзетілімі E түймешігін басу және басты басқару дискісін бұрау арқылы орнатылады.