Фотокамера дыбыссыз даралай түсірілген бейнефильмді жасау үшін таңдалған аралықтарда фотосуреттерді автоматты түрде түсіреді.
Даралай түсірілген бейнефильмдерді жазу
Суретке түсіруден бұрын
Даралай түсірілген бейнефильмді түсіруді бастамас бұрын ағымдағы баптауларда сынақ түсірілім жасап, нәтижелерін мониторда қараңыз. Даралай түсірілген бейнефильмдер бейнефильмді кесуді пайдаланып түсіріледі; кадр жиектемесін тексеру үшін Time-lapse movie (Даралай түсірілген бейнефильм) дисплейінде W (M) түймешігін басыңыз (Time-lapse movie (Даралай түсірілген бейнефильм) дисплейіне оралу үшін W/M түймешігін қайтадан басыңыз). Түстер біркелкі болуы үшін v (автоматты) немесе D (автоматты табиғи жарық) дегеннен басқа ақ түс балансы параметрін (0 White Balance (Ақ түс балансы)) таңдаңыз.
Штативті пайдалану және объективтің дірілін азайтуды (ДА) өшіру ұсынылады. Суретке түсіруді бастамас бұрын фотокамераны штативке бекітіңіз. Суретке түсіру үзілмеуі үшін қосымша айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын немесе толығымен зарядталған батареяны пайдаланыңыз. Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуреттер мен экспозицияға кедергі келтіруін болдырмау үшін көріністапқыш окулярының ысырмасын жабыңыз.
-
Time-lapse movie (Даралай бейнефильм) параметрін таңдаңыз.
Даралай түсірілген бейнефильм параметрлерін көрсету үшін бейнефильм түсіру мәзірінде Time-lapse movie (Даралай түсірілген бейнефильм) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Даралай бейнефильм түсіру параметрлерін реттеңіз.
Даралай түсірілген бейнефильм параметрлерін төменде сипатталғандай реттеңіз.
-
Кадрлар арасындағы аралықты таңдау үшін:
-
Суретке түсірудің жалпы уақытын таңдау үшін:
-
Экспозицияны тегістеуді қосу немесе өшіру үшін:
-
Дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу немесе өшіру үшін:
On (Қосулы) күйі таңдалған болса, ысырманың немесе айнаның дыбысы тек суретке түсірудің басында және соңында айна көтерілгенде немесе төмен түсірілгенде естіледі.
-
Кескін аумағын таңдау үшін:
-
Кадр өлшемі мен жылдамдығын таңдау үшін:
-
Аралық басымдығы параметрін таңдау үшін:
On (Қосулы) күйі таңдалса, даралай жазу фотокамера фокустай алмаса немесе ысырманы босату басқалай өшірілген болса аяқталады.
-
-
Суретке түсіруді бастаңыз.
Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру шамамен 3 с-тан кейін басталады. Фотокамера таңдалған суретке түсіру уақыты бойы таңдалған аралықта фотосуреттер түсіреді. Аяқталғанда даралай түсірілген бейнефильмдер бейнефильм түсіру мәзірінде Destination (Межелі орын) үшін таңдалған жад картасына жазылады (0 Destination (Межелі орын)).
Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераның кейбір мүмкіндіктерін өшіреді, соның ішінде:
- Hi 0,3 және Hi 2 аралығындағы ISO сезімталдықтары (0 ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері))
- Жарқылмен фотосурет түсіру (0 Қосымша жарқыл бөліктері)
- Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі) (0 d5: Exposure Delay Mode (Экспозицияны кешіктіру режимі))
- Ұзақ экспозиция бұрмалануын азайту (0 Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) (Ұзақ экспозиция бұрмалануын азайту))
- Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 Flicker Reduction (Жыпылықтауды азайту))
Түпкілікті бейнефильмнің ұзақтығын есептеу
Түпкілікті бейнефильмдегі кадрлардың жалпы санын суретке түсіру уақытын аралыққа бөлу және дөңгелектеу арқылы есептеуге болады. Содан кейін түпкілікті бейнефильмнің ұзақтығын түсірілімдер санын Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін таңдалған кадр жылдамдығына бөлу арқылы есептеуге болады (0 Frame Size/Frame Rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы)). Мысалы, 1920×1080; 24p ажыратымдылығымен жазылған 48 кадрлық бейнефильмнің ұзақтығы шамамен екі секунд болады. Даралай түсірілетін бейнефильмдердің ең көп ұзақтығы — 20 минут.
Жад картасы индикаторы | Жазылған ұзақтық/ең көп ұзақтық |
Суретке түсіруді аяқтау
Барлық фотосуреттер түсірілмей тұрып суретке түсіруді аяқтау үшін даралай түсірілен бейнефильм мәзірінде Off (Өшірулі) күйін белгілеп, J түймешігін басыңыз немесе кадрлар арасында J түймешігін басыңыз. Бейнефильм суретке түсіру аяқталған нүктеге дейін түсірілген кадрлардан жасалады. Қуат көзі алып тасталса немесе ажыратылса, я болмаса мақсатты жад картасы шығарылса суретке түсіру аяқталатынын және ешбір бейнефильм жазылмайтынын ескеріңіз.
Фотосурет жоқ
Автофокусты пайдаланып фокустай алмаса (фотокамера әрбір түсірілім алдында қайтадан фокустайтынын ескеріңіз) фотокамера даралай жазуды аяқтайды (Interval priority (Аралық басымдығы) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған) немесе келесі кадрға өтеді (Interval priority (Аралық басымдығы) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалған).
Даралай бейнефильмдер түсіру
Даралай түсіруді фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның ішінде тікелей көрініспен, бейнефильмді жазумен, ұзақ экспозициялармен (қолмен басылу немесе уақыт режимінде фотосурет түсіру), өздігінен түсіруді реттейтін таймермен, брекетингпен (0 Auto Bracketing Set (Брекетингті автоматты түрде орнату)), HDR (жоғары динамикалық ауқым; 0 HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым))), бірнеше экспозициямен (0 Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция)), аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсірумен (0 Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру)) және фокусты жылжытумен (0 Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру)) бірге пайдалану мүмкін емес. Кескінді жад картасына жазу үшін қажет ысырма жылдамдығы және уақыт әр түсірілімде әр түрлі болатындықтан жазылып жатқан түсірілім мен келесі түсірілімнің басы арасындағы аралық өзгеріп отыруы мүмкін екенін ескеріңіз. Ағымдағы параметрлерде даралай түсірілген бейнефильмді жазу мүмкін емес болса, түсіру басталмайды (мысалы, жад картасы толы болса, аралық немесе түсіру уақыты нөлге тең болса, я болмаса аралық түсіру уақытынан ұзағырақ болса).
Фотокамераның басқару тетіктері пайдаланылса, параметрлер өзгертілсе немесе HDMI кабелі жалғанса, суретке түсіру аяқталуы мүмкін. Бейнефильм суретке түсіру аяқталған нүктеге дейін түсірілген кадрлардан жасалады. Суретке түсіруді аяқтау және фотосуретті жазу үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Суретке түсіру барысында
Суретке түсіру кезінде Q жыпылықтайды және даралай жазу индикаторы басқару панелінде көрсетіледі. Қалған уақыт (сағаттар және минуттар түрінде) әр кадр жазылуының тура алдында ысырма жылдамдығының индикаторында көрсетіледі. Басқа жағдайларда қалған уақытты ысырманы босату түймешігін жартылай басу арқылы көруге болады. c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 c2: Standby Timer (Күту режимінің таймері)) үшін таңдалған параметрге қарамастан, түсіру кезінде күту режимінің таймерінің мерзімі бітпейді.
Кадрлар арасында параметрлерді реттеу
Кадрлар арасында суретке түсіру және мәзір параметрлерін реттеуге болады. Дегенмен, монитор келесі кадр түсірілгеннен шамамен 2 секунд бұрын өшетінін ескеріңіз.
Image Review (Кескінді тексере қарау)
Суретке түсіру орындалып жатқанда K түймешігін пайдалану мүмкін емес, бірақ Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, ағымдағы кадр әрбір түсірілімнен кейін бірнеше секунд бойы көрсетіледі (0 Image Review (Кескінді тексере қарау)). Кадр көрсетіліп тұрғанда басқа ойнату әрекеттерін орындау мүмкін емес.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Суретке түсіру аяқталғанда шығатын дыбыстық сигнал туралы ақпаратты B > Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) бөлімінде қараңыз (0 Beep Options (Дыбыстық сигнал параметрлері)).