- D850 онлайн нұсқаулық
- Мәзір нұсқаулығы
- C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері
- Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру)
Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру)
G түймешігі C фотосурет түсіру мәзірі
Фокусты жылжыту кезінде фотокамера фотосуреттер қатарында фокусты автоматты түрде өзгертіп отырады. Бұл мүмкіндікті кейінірек компьютерге көшіруге және үшінші тараптың фокусты дестелеу бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып біріктіруге болатын фотосуреттерді түсіру үшін пайдалануға болады.
- Start (Бастау)
- Суретке түсіруді бастаңыз. Суретке түсіргенде таңдалған түсірілімдер саны түсіріледі, әр түсірілімде фокустау қашықтығы таңдалған мөлшерге өзгертіледі.
- No. of shots (Түсірілімдер саны)
- Түсірілімдер санын таңдаңыз (ең көбі 300).
- Focus step width (Фокустау қадамының ені)
- Әрбір түсірілімде фокустау қашықтығы қандай мөлшерге өзгеретінін таңдаңыз.
- Interval until next shot (Келесі түсірілімге дейінгі аралық)
- Түсірілімдер арасындағы аралықты таңдаңыз. Аралық 00 мәніне орнатылса, кадрдың ілгерілеу жылдамдығы дыбыссыз фотосурет түсіру үшін таңдалған опцияға байланысты өзгереді. Off (Өшірулі) күйі таңдалған болса, фотокамера 5 кадр/с-қа дейін жылдамдықпен суреттер түсіреді. On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фотокамера шамамен 1 кадр/с жылдамдықпен суреттер түсіреді. Сонымен қатар кадрдың ілгерілеу жылдамдығы суретке түсіру жағдайларына, фотокамераның параметрлеріне, объективке, т.б. қарай өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар жарқылды пайдалану кезінде дұрыс экспозицияны қамтамасыз ету үшін жарқыл зарядталуы үшін жеткілікті ұзақ аралықты таңдаңыз.
- Exposure smoothing (Экспозицияны тегістеу)
- On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераға M режимінен басқа экспозиция режимдерінде экспозицияны алдыңғы түсіріліммен бірдей болатынай реттеуге мүмкіндік береді (M режимінде экспозицияны тегістеу ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару қосулы болса ғана қолданылатынын ескеріңіз). Суретке түсіру кезіндегі нысан жарықтығындағы үлкен өзгерістер экспозициядағы көрінетін ауытқуларға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда түсірілімдер арасындағы аралықты қысқарту керек болуы мүмкін.
- Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
- Суретке түсіру кезінде ысырма дыбысын өшіру үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
- Starting storage folder (Бастапқы сақтау қалтасы)
- Келесі параметрлердің біреуін белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз:
- New folder (Жаңа қалта): әр жаңа реттілік үшін жаңа қалта жасалады.
- Reset file numbering (Файлдарды нөмірлеуді қалпына келтіру): жаңа қалта жасалған сайын файлдарды нөмірлеу 0001 мәніне қалпына келтіріледі.
C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері
Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы)
Extended photo menu banks (Фотосурет мәзірінің кеңейтілген жинақтары)
Storage folder (Сақтау қалтасы)
File naming (Файл атаулары)
Primary slot selection (Негізгі ұяшықты таңдау)
Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы)
Flash control (Жарқылды басқару)
Image area (Кескін аумағы)
Image quality (Кескін сапасы)
Image size (Кескін өлшемі)
NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу)
ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері)
White balance (Ақ түс балансы)
Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
Color space (Түс кеңістігі)
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)
High ISO NR (Жоғары ISO БА)
Vignette control (Виньеттеуді басқару)
Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару)
Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)
Auto bracketing set (Брекетингті автоматты түрде орнату)
Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым))
Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру)
Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру)
Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)