Фотосурет түсіру мәзірінің параметрлері төрт жинақтың бірінде сақталады. Extended photo menu banks (Фотосурет түсіру мәзірінің кеңейтілген жинақтары), Multiple exposure (Бірнеше экспозиция), Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) және Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрлерін қоспағанда, бір жинақтағы параметрлерге өзгертулер енгізу басқаларына әсер етпейді. Жиі пайдаланылатын параметрлердің нақты тіркесімін сақтау үшін төрт жинақтың бірін таңдап, фотокамераны осы параметрлерге орнатыңыз. Жаңа параметрлер тіпті фотокамера өшірулі тұрса да жинаққа сақталады және жинақты келесі жолы таңдағанда қалпына келеді. Параметрлердің басқа тіркесімдерін, пайдаланушыларға жинақ мәзірінен тиісті жинақты таңдап, бір тіркесімнен екіншісіне дереу ауысуға мүмкіндік беру үшін басқа жинақтарда сақтауға болады.
Фотосурет түсіру мәзірінің төрт жинағының әдепкі атаулары: A, B, C және D. Мәзір жинағын белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы 20 таңбаға дейінгі сипаттағыш жазбаны «Мәтін енгізу» (0 Мәтін енгізу) бөлімінде сипатталғандай қосуға болады.
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру үшін Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы) мәзірінде жинақты белгілеп, O (Q) түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған жинақтың әдепкі параметрлерін қалпына келтіру үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз. Әдепкі параметрлер «Фотосурет түсіру мәзірінің әдепкі параметрлері» (0 Фотосурет түсіру мәзірінің әдепкі мәндері) бөлімінде тізілген.
Photo Shooting Menu Bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы)
Басқару панелінде және ақпараттық дисплейлерде ағымдағы фотосурет түсіру мәзірінің жинағы көрсетіледі.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Экспозиция және жарқыл режимдерін, ысырма жылдамдығын және апертураны фотосурет түсіру мәзірінің жинақтарына фотосурет түсіру мәзіріндегі Extended photo menu banks (Фотосурет мәзірінің кеңейтілген жинақтары) параметрін пайдаланып қосуға болады (0 Extended Photo Menu Banks (Фотосурет мәзірінің кеңейтілген жинақтары)). Фотосурет түсіру мәзірінің жинағын таңдау үшін фотокамера корпусындағы басқару элементтерін пайдалану туралы ақпаратты A > f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау), 0 f1: Custom Control Assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау) қолданушы параметрінде қараңыз.