Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін жасаңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін жасау
Фотокамерамен бірге қамтамасыз етілген Picture Control режимдерін өзгертуге және қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері ретінде сақтауға болады.
-
Save/edit (Сақтау/өңдеу) пәрменін таңдаңыз.
Save/edit (Сақтау/өңдеу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Бар Picture Control режимін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз немесе белгіленген Picture Control режимінің көшірмесін қосымша өзгертусіз сақтау үшін 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
-
Таңдалған Picture Control режимін өңдеңіз.
Кез келген өзгертулерден бас тарту және әдепкі параметрлерден қайта бастау үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Параметрлерді орнату аяқталғанда J түймешігін басыңыз.
-
Межелі орынды таңдаңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control (C-1 және C-9 аралығында) үшін межелі орынды таңдап, 2 түймешігін басыңыз.
-
Picture Control режиміне атау беріңіз.
Мәтінді енгізу тілқатысу терезесі көрсетіледі. Әдепкі бойынша, жаңа Picture Control режимдері бар Picture Control атауына екі цифрлы сан (автоматты түрде тағайындалады) қосылып аталады; басқа атауды таңдау үшін Picture Control режимін «Мәтін енгізу» (0 Мәтін енгізу) бөлімінде сипатталғандай қайта атаңыз. Жоғарғы регистрдегі, төменгі регистрдегі және таңбалық пернетақталар арасында ауысу үшін пернетақтаны таңдау түймешігін түртіңіз. Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінің атауларының ұзындығы он тоғыз таңбаға дейін бола алады. Он тоғызыншыдан кейінгі барлық таңбалар жойылады.
Пернетақта аумағы Пернетақтаны таңдау
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінің параметрлері
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінде қолжетімді параметрлер қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимі негізделгенмен бірдей болады.
Бастапқы суретті басқару белгішесі
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимі негізделген бастапқы алдын-ала орнатылған Picture Control режимі өңдеу дисплейінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгіше арқылы көрсетіледі.