Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген қосымша жарқыл бөліктері үшін кірістірілген жарқылды басқару режимін таңдаңыз және фотокамерадан тыс жарқыл арқылы фотосурет түсіру параметрлерін реттеңіз. Бірнеше жарқыл бөлігін пайдаланып қашықтағы жарқыл арқылы фотосурет түсіру туралы ақпаратты «Қосымша жарқыл бөліктері» (0 Қосымша жарқыл бөліктері) бөлімінде қараңыз.

Flash Control Mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі)

SB-5000, SB-500, SB-400 немесе SB-300 фотокамераға бекітілген болса, жарқылды басқару режимін, жарқыл деңгейін және басқа жарқыл параметрлерін фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (Жарқылды басқару режимі) элементін пайдаланып реттеуге болады (SB-5000 жағдайында бұл параметрлерді сонымен бірге жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктерін пайдаланып реттеуге болады). Қол жетімді параметрлер пайдаланылатын жарқылға қарай өзгеріп отырады, ал Flash control mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі) астында көрсетілетін параметрлер таңдалған режимге қарай өзгеріп отырады. Басқа жарқыл бөліктерінің параметрлерін тек жарқыл бөлігінің басқару тетіктерін пайдаланып реттеуге болады.

  • TTL: i-TTL режимі. SB-500, SB-400 және SB-300 жағдайларында жарқыл түзетілімін W (M) түймешігін пайдаланып реттеуге болады.
  • Auto external flash (Автоматты сыртқы жарқыл): бұл режимде шығыс нысан шағылыстыратын жарық мөлшеріне сай автоматты түрде реттеледі; сондай-ақ, жарқыл түзетілімі қол жетімді. Автоматты сыртқы жарқыл «автоматты апертура» (qA) және «TTL емес автоматты» (A) режимдерін қолдайды; баптау мәзіріндегі Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) параметрін пайдаланып фокустық қашықтықты және максималды апертураны көрсетусіз микропроцессормен жабдықталмаған объектив жалғанса, TTL емес автоматты режим автоматты түрде таңдалады (0 Non-CPU Lens Data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері)). Мәліметтерді жарқыл бөлігінің нұсқаулығынан қараңыз.
  • Distance-priority manual (Қашықтық басымдығы бар қолмен реттелетін режим): нысанға дейінгі қашықтықты таңдаңыз; жарқыл шығысы автоматты түрде реттеледі. Сондай-ақ, жарқыл түзетілімі қол жетімді.
  • Manual (Қол режимі): жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
  • Repeating flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл): ысырма ашық кезде жарқыл бірнеше рет жанып, бірнеше экспозиция әсерін жасайды. Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)), бөліктің ең көп жану санын (Times (Саны)) жарқыл секундына қанша рет жанатынын (Frequency (Жиілік), герцтермен өлшенеді) таңдаңыз. Times (Уақыт) үшін қолжетімді параметрлер Output (Шығыс) және Frequency (Жиілік) үшін таңдалған параметрлерге байланысты өзгеріп отырады; мәліметтерді жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада қараңыз.

Wireless Flash Options (Сымсыз жарқыл параметрлері)

Бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігін бір уақытта қашықтан басқару параметрлерін реттеңіз. Бұл параметр тек фотокамераға SB-5000 немесе SB-500 жарқыл бөлігі, я болмаса, WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі бекітілген кезде қол жетімді.

WR-R10

WR-R10 сымсыз таратқышын пайдаланғанда WR-A10 адаптері қажет. WR-R10 бағдарлама жасақтамасын соңғы нұсқаға (3.0 немесе одан кейінгі нұсқа) жаңартыңыз; бағдарлама жасақтамасының жаңартулары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз.

Remote Flash Control (Қашықтан басқарылатын жарқылды басқару)

Келесі қашықтан басқарылатын жарқыл арқылы фотосурет түсіру параметрлері арасынан таңдаңыз.

Radio Remote Flash Info (Радиомен қашықтан басқарылатын жарқыл туралы ақпарат)

Қазіргі уақытта радио AWL арқылы басқарылатын жарқыл бөліктерін көріңіз.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы) Extended photo menu banks (Фотосурет мәзірінің кеңейтілген жинақтары) Storage folder (Сақтау қалтасы) File naming (Файл атаулары) Primary slot selection (Негізгі ұяшықты таңдау) Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) Flash control (Жарқылды басқару) Image area (Кескін аумағы) Image quality (Кескін сапасы) Image size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) White balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette control (Виньеттеуді басқару) Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Auto bracketing set (Брекетингті автоматты түрде орнату) Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)