Қалталарды қайта атаңыз және кейінгі кескіндер сақталатын қалтаны таңдаңыз.
Қалта нөмірі | Қалта атауы |
- Rename (Қайта атау)
- Select Folder by Number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау)
- Select Folder from List (Қалтаны тізімнен таңдау)
Rename (Қайта атау)
Қалталар фотокамера автоматты түрде белгілейтін алдында 3 цифрлық қалта нөмірі келетін 5 таңбалық қалта атауымен идентификацияланады. Әдепкі қалта атауы — «ND850»; жаңа қалталарға тағайындалатын атауды өзгерту үшін Rename (Қайта атау) пәрменін таңдап, қалтаны «Мәтін енгізу» (0 Мәтін енгізу) бөлімінде сипатталғандай қайта атаңыз. Қаласаңыз, әдепкі атауды пернетақта көрсетіліп тұрғанда O (Q) түймешігін басып, ұстап тұру арқылы қалпына келтіруге болады. Бар қалталарды қайта атау мүмкін емес.
Select Folder by Number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау)
Қалталарды нөмірі бойынша таңдау немесе ағымдағы қалта атауы және жаңа қалта нөмірі бар жаңа қалтаны жасау үшін:
-
Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Ағымдағы негізгі ұяшықтың асты сызылған тілқатысу терезесі көрсетіледі.
-
Қалта нөмірін таңдаңыз.
Цифрды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Таңдалған нөмірі бар қалта бар болса, қалта нөмірінің сол жағында W, X немесе Y белгішесі көрсетіледі:
- W: қалта бос.
- X: қалта жартылай толы.
- Y: қалтаның ішінде 5000 сурет немесе 9999 нөмірлі сурет бар. Бұл қалтаға қосымша суреттер сақталмайды.
Қалта сақталған карта «қалтаны нөмірі бойынша таңдау» тілқатысу терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы карта ұяшығы белгішесімен көрсетіледі. Жаңа қалталар үшін пайдаланылатын карта қазіргі уақытта Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) үшін таңдалған параметрге байланысты (0 Secondary Slot Function (Қосымша ұяшықтың функциясы)).
-
Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.
Әрекетті аяқтау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймешігін басыңыз (сақтау қалтасын өзгертусіз шығу үшін G түймешігін басыңыз). Егер көрсетілген нөмірі бар қалта әлі жоқ болса, жаңа қалта жасалады. Кейінгі фотосуреттер таңдалған қалта толғанға дейін сол қалтада сақталады.
Select Folder from List (Қалтаны тізімнен таңдау)
Бар қалталар тізімінен таңдау үшін:
-
Select folder from list (Қалтаны тізімнен таңдау) параметрін таңдаңыз.
Select folder from list (Қалтаны тізімнен таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Қалтаны белгілеңіз.
Қалтаны белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
-
Белгіленген қалтаны таңдаңыз.
Белгіленген қалтаны таңдау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймешігін басыңыз. Келесі фотосуреттер таңдалған қалтада сақталады.
Қалта және файл нөмірлері
Қалта нөмірі 999-ға жеткеннен кейін жаңа қалталар жасалмайды, сондықтан файл нөмірі 9999-ға жеткенде немесе қалтадағы файлдардың саны 5000-ға жеткенде, я болмаса фотокамера ұзақтығы максималды бейнефильм үшін керек файлдардың саны 9999-дан жоғарырақ нөмірі бар файлды немесе 5000-нан астам файлды қамтитын қалтаны жасауға әкелетінін есептегенде бейнефильм жазуға әрекеттенсеңіз, ысырманы босату өшіріледі. Суретке түсіруді жалғастыру үшін нөмірі 999-дан азырақ қалтаны жасаңыз немесе Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) және Movie quality (Бейнефильм сапасы) үшін таңдалған параметрлерді өзгертіп көріңіз (0 Frame Size/Frame Rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы), Movie Quality (Бейнефильм сапасы)).
Іске қосу уақыты
Егер жад картасында файлдардың немесе қалталардың өте үлкен саны болса, фотокамераның іске қосылуы үшін қосымша уақыт керек болуы мүмкін.