Екіден онға дейін NEF (RAW) экспозициясын бір фотосурет ретінде жазыңыз.
Бірнеше экспозиция жасау
Тікелей көріністе бірнеше экспозицияны жазу мүмкін емес. Жалғастыру алдында тікелей көріністен шығыңыз.
Ұзартылған жазу уақыттары
Егер ойнату кезінде монитор өшсе немесе шамамен 30 с. бойы мәзір әрекеттері және әрекеттер орындалмаса, суретке түсіру аяқталады және сол кезге дейін жазылған экспозициялардан бірнеше экспозиция жасалады. Келесі экспозицияны жазу үшін қолжетімді уақытты c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 c2: Standby Timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ уақытты таңдау арқылы ұзартуға болады.
-
Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Режимді таңдаңыз.
Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
On (series) (Қосулы (қатар)) немесе On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалса, басқару панелінде n белгішесі көрсетіледі.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
1 немесе 3 түймешігін басып жалғыз фотосурет жасау үшін біріктірілетін экспозициялар санын таңдаңыз да, J түймешігін басыңыз.
BKT түймешігі
f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > BKT button + y (BKT түймешігі + y) (0 f1: Custom Control Assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) үшін Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) таңдалған болса, бірнеше экспозиция режимін BKT түймешігін басу және басты басқару дискін бұрау және түсірілімдер санын BKT түймешігін басу және қосымша басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады. Басқару панелінде режим мен түсірілімдер саны көрсетіледі: режимді білдіретін белгішелер Off (Өшірулі) үшін a, On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) үшін B және On (series) (Қосулы (қатар)) үшін b болады.
-
Үстіне қабаттау режимін таңдаңыз.
Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
-
Жекелеген экспозицияларды сақтау-сақтамауды таңдаңыз.
Бірнеше экспозицияны құрайтын жекелеген түсірілімдерді сақтау немесе жоюды таңдау үшін Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған параметрді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
-
Бірінші экспозицияны таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Image size (Кескін өлшемі) > NEF (RAW) үшін Large (Үлкен) мәні таңдалып түсірілген бар фотосуреттерден бірінші экспозицияны таңдау үшін Select first exposure (NEF) (Бірінші экспозицияны таңдау (NEF)) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Қалаған кескінді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз (белгіленген кескінді толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Басқа ұяшықтағы немесе қалтадағы кескіндерден таңдау үшін W (M) түймешігін басыңыз.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фотокамера барлық экспозицияларды бір қатарынан түсіру режимінде жазады. On (series) (Қосулы (қатар)) таңдалған болса, фотокамера ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда бірнеше экспозицияны жаза береді; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалған болса, бірнеше экспозиция түсірілімі бірінші фотосуреттен кейін аяқталады. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде фотокамера c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) (0 c3: Self-Timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, 3-қадамда таңдалған экспозициялар санын автоматты түрде жазады; дегенмен түсірілімдер арасындағы аралықты c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Interval between shots (Түсірілімдер арасындағы аралық) қолданушы параметрі басқарады. Басқа суретке түсіру режимдерінде ысырманы босату түймешігін абсқан сайын бір фотосурет түсіріледі; барлық экспозициялар жазылғанша суретке түсіруді жалғастырыңыз. 6-қадамда бірінші экспозиция ретінде бар NEF (RAW) пішіміндегі кескінді таңдасаңыз, суретке түсіру екінші экспозициядан басталады. Барлық фотосуреттер жазылмай тұрып бірнеше экспозицияны үзу туралы ақпаратты «Бірнеше экспозицияларды аяқтау» (0 Бірнеше экспозицияны аяқтау) бөлімінде қараңыз.
Суретке түсіру аяқталғанша n белгішесі жыпылықтап тұрады. On (series) (Қосулы (қатар)) параметрі таңдалса, бірнеше экспозиция түсіру бірнеше экспозиция режимі үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалғанда ғана аяқталады; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалса, бірнеше экспозиция түсіру бірнеше экспозиция аяқталғанда автоматты түрде аяқталады. n белгішесі бірнеше экспозиция түсіру аяқталғанда дисплейден жоғалады.
i түймешігін пайдалану
Төменде тізілген параметрлерге бірнеше экспозиция кезінде K түймешігін басу, содан кейін i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Сенсорлық экранды пайдаланыңыз немесе мульти селекторды пайдаланып мәзірді шарлаңыз, элементтерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
- View progress (Орындалу барысын көру): ағымдағы сәтке дейін жазылған экспозициялардан жазылған алдын-ала қарауды көру.
- Retake last exposure (Соңғы экспозицияны қайта түсіру): соңғы экспозицияны қайта түсіру.
- Save and exit (Сақтау және шығу): ағымдағы сәтке дейін түсірілген экспозициялардан бірнеше экспозицияны жасау.
- Discard and exit (Бас тарту және шығу): бірнеше экспозицияны жазусыз шығу. Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, жекелеген экспозициялар сақталады.
Бірнеше экспозицияны аяқтау
Көрсетілген экспозициялар саны түсірілмей тұрып бірнеше экспозицияны аяқтау үшін бірнеше экспозиция режимі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз немесе K түймешігін, содан кейін i түймешігін басыңыз және Save and exit (Сақтау және шығу) немесе Discard and exit (Бас тарту және шығу) параметрін таңдаңыз. Суретке түсіру аяқталса немесе көрсетілген экспозициялар саны түсірілмей тұрып Save and exit (Сақтау және шығу) пәрменін таңдасаңыз, бірнеше экспозиция сол кезге дейін жазылған экспозициялардан жасалады. Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) үшін Average (Орташа) таңдалған болса, күшею нақты жазылған экспозициялар санын қамту үшін реттеледі. Суретке түсіру төмендегі жағдайларда автоматты түрде аяқталатынын ескеріңіз:
- Екі түймешікпен қалпына келтіру орындалса
- Фотокамераны өшірсе
- Батарея заряды таусылған болса
Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция)
Бірнеше экспозицияға бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Бірнеше экспозиция жазу барысында жад картасын суырмаңыз немесе ауыстырмаңыз.
Тікелей көрініс суретке түсіру орындалып жатқанда қолжетімді емес. Тікелей көріністі таңдау Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) параметрін Off (Өшірулі) күйіне қалпына келтіреді.
Бірнеше экспозиция фотосуреттері үшін суретке түсіру параметрлері және фотосурет туралы мәлімет бірінші экспозицияныкімен бірдей болады.
«Select First Exposure (NEF) (Бірінші экспозицияны таңдау (NEF))»
Бірінші экспозиция үшін таңдалған NEF (RAW) пішіміндегі кескін Hi 0,3–Hi 2 ISO сезімталдығында жазылған болса, тіпті d6 (Electronic front-curtain shutter (Электронды алдыңғы перде ысырмасы), 0 d6: Electronic Front-Curtain Shutter (Электронды алдыңғы перде ысырмасы)) қолданушы параметрі үшін Enable (Қосу) күйі таңдалған болса да, бірнеше экспозиция кезінде электронды алдыңғы перде ысырмасы пайдаланылмайды.
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру мүмкіндігі бірінші экспозиция түсірілгенге дейін іске қосылса, фотокамера бірнеше экспозиция мәзірінде көрсетілген экспозициялар саны түсіріліп болғанша экспозицияларды таңдалған аралықта жазады (аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру мәзірінде көрсетілген түсірілімдер саны еленбейді). Осы экспозициялар кейін бір фотосурет ретінде жазылады және аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру аяқталады (бірнеше экспозиция режимі үшін On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалған болса, бірнеше экспозиция түсіру автоматты түрде аяқталады).
Басқа параметрлер
Бірнеше экспозиция түсіріліп жатқанда жад карталарын пішімдеу мүмкін емес және кейбір мәзір элементтері сұр түспен көрсетіледі және оларды өзгерту мүмкін болмайды.