NEF (RAW) фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасаңыз. G түймешігін басу арқылы өңдеу мәзірін көрсетсеңіз, бұл параметрді бірнеше кескінді көшіру үшін пайдалануға болады.
-
NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзірінде NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Межелі орынды таңдаңыз.
Екі жад картасы салынған болса, JPEG көшірмесінің межелі орнын Choose destination (Межелі орынды таңдау) пәрменін белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы таңдауға болады (тек бір жад картасы салынған болса, 3-қадамға өтіңіз).
Карта ұяшығын белгілеп, сұралғанда J түймешігін басыңыз.
-
Кескіндер қалай таңдалатынын таңдаңыз.
Келесі параметрлерден таңдаңыз:
- Select image(s) (Кескіндерді таңдау): бір немесе бірнеше кескінді қолмен таңдаңыз (5-қадамға өтіңіз).
- Select date (Күнді таңдау): таңдалған күндері түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін жасау (4-қадамға өтіңіз).
- Select all images (Барлық кескіндерді таңдау): жад картасындағы барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін жасау (4-қадамға өтіңіз).
-
Дереккөз ұяшықты таңдаңыз.
Екі жад картасы салынған болса, сізден NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді қамтитын карта бар ұяшықты таңдау сұралады. Қалаған ұяшықты белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. 3-қадамда Select all images (Барлық кескіндерді таңдау) пәрменін таңдасаңыз, 6-қадамға өтіңіз.
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
3-қадамда Select image(s) (Кескіндерді таңдау) пәрменін таңдаған болсаңыз, тек осы фотокамера арқылы жасалған NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер тізілген суретті таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі. Кескіндерді мульти селекторды пайдаланып белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін мульти селектордың ортасын басыңыз; таңдалған кескіндер L белгішесімен көрсетіледі. Белгіленген кескінді толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Таңдау аяқталғаннан кейін 6-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
3-қадамда Select date (Күнді таңдау) пәрменін таңдасаңыз, күндер тізімі көрсетіледі. Мульти селекторды пайдаланып күндерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күндерде түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі суреттерді таңдау және 6-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
-
JPEG көшірмелері үшін параметрлерді таңдаңыз.
Төменде тізілген параметрлерді реттеңіз немесе фотосурет түсірілген кезде қолданылған параметрді пайдалану үшін Original (Бастапқы) параметрін таңдаңыз (бастапқы параметрлер алдын-ала қарау астында тізіледі). Ақ түс балансы мен виньеттеуді басқару бірнеше экспозициямен немесе кескін үстіне қабаттаумен жасалған суреттерде қол жетімді болмайтынын және экспозиция түзетілімін тек –2 және +2 ЭМ аралығындағы мәндерге орнатуға болатынын ескеріңіз.
1 Image quality (Кескін сапасы) 2 Image size (Кескін өлшемі) 3 White balance (Ақ түс балансы) 4 Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) 5 Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) 6 High ISO NR (Жоғары ISO БА) 7 Color space (Түс кеңістігі) 8 Vignette control (Виньеттеуді басқару) 9 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) -
Фотосуреттерді көшіріңіз.
Таңдалған фотосуреттің JPEG көшірмесін жасау үшін EXE параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз (бірнеше фотосурет таңдалған болса, растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған фотосуреттердің JPEG көшірмелерін жасау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз). Фотосуреттерді көшірмей шығу үшін G түймешігін басыңыз.