Таңдалған фотосуреттердің кішкене көшірмелерін жасаңыз.
-
Resize (Өлшемін өзгерту) пәрменін таңдаңыз.
Таңдалған кескіндердің өлшемін өзгерту үшін өңдеу мәзірінде Resize (Өлшемін өзгерту) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Межелі орынды таңдаңыз.
Егер екі жад картасы салынса, Choose destination (Межелі орынды таңдау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басу арқылы өлшемі өзгертілген көшірмелер үшін межелі орынды таңдай аласыз (тек бір жад картасы салынған болса, 3-қадамға өтіңіз).
Карта ұяшығын белгілеп, сұралғанда J түймешігін басыңыз.
-
Өлшемді таңдаңыз.
Choose size (Өлшемін таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
Параметрді белгілеп, сұралғанда J түймешігін басыңыз.
-
Суреттерді таңдаңыз.
Select image(s) (Кескіндерді таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
Суреттерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін мульти селектордың ортасын басыңыз (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз; басқа орындардағы суреттерді көру үшін W/M түймешігін басыңыз). Таңдалған суреттер 8 белгішесімен белгіленеді. Таңдау аяқталған кезде J түймешігін басыңыз. 5 : 4 (30 × 24) немесе 1 : 1 (24 × 24) кескін аумағы параметрімен түсірілген фотосуреттердің өлшемін өзгерту мүмкін емес екенін ескеріңіз.
-
Өлшемі өзгерген көшірмелерді сақтаңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі. Өлшемі өзгертілген көшірмелерді сақтау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Өлшемі өзгертілген көшірмелерді қарау
Өлшемі өзгерген көшірмелер шыққан кезде, ойнатуды масштабтау пайдалану мүмкін болмайды.
Image Quality (Кескін сапасы)
NEF (RAW), NEF (RAW) + JPEG немесе TIFF (RGB) фотосуреттерінен жасалған көшірмелерде JPEG сапалы кескін сапасы болады (0 Image Quality (Кескін сапасы)); JPEG фотосуреттерінен жасалған көшірмелерде кескін сапасы бастапқы суретпен бірдей болады.