Өңделген көшірмелерді бастапқы фотосуреттермен салыстырыңыз. Бұл параметр өңдеу мәзірі көшірмені немесе түпнұсқаны толық өлшемде көрсету, содан кейін (a) J түймешігін басып тұру және 2 түймешігін басу немесе (b) i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы көрсетілген болса ғана қолжетімді.
-
Суретті таңдаңыз.
Өңделген көшірмені (& белгішесі арқылы көрсетіледі) немесе өңделген түпнұсқаны таңдаңыз.
-
Өңдеу параметрлерін көрсетіңіз.
J түймешігін басып, ұстап тұрып 2 түймешігін басыңыз немесе i түймешігін басып, Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдаңыз.
-
Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін таңдаңыз.
Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Көшірмені бастапқы суретпен салыстырыңыз.
Бастапқы кескін сол жақта, өңделген көшірме оң жақта, ал көшірме жасау үшін пайдаланылған параметрлер дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі. Бастапқы кескін және өңделген көшірме арасында ауысу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Егер көшірме Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін пайдаланып екі бастапқы кескіннен жасалса немесе түпнұсқа бірнеше рет көшірілсе, басқа бастапқы кескінді көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Қарау режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз немесе белгіленген кескінді таңдап, қарау режиміне шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Бастапқы кескін Өңделген көшірме
Side-by-Side Comparison (Қатар қойып салыстыру)
Көшірме қорғалған, я болмаса жойылған немесе жасырылған фотосуреттен жасалған болса, бастапқы кескін көрсетілмейді (0 Қорғалған және жасырын кескіндер).